Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Баталар жинағы

Қыз ұзату тойына бата беру

Қыз ұзату
Share on FacebookShare on Twitter

Қыз ұзату тойына бата беру

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!

 

Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,
Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,
Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,
Ата менен сыйлы болсын енесіне.

Үлкенді қадірлеуден жалықпасын
Жарқылда жарыңның да тауып бабын.
Қадірлеп айналайын бір-біріңді,
Қырандай қия шыңға шарықтағын.

Тағдыр қосып табылыпты қосағың
Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.
Шаттықталар шаңыраққа айналсын
Керегесін кеңге жайып отауың.

Құтты болсын ақ қадамың
Келін болу жолы ғой қыз баланың
Барған жерде жақсы келін атанып
Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.

Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.

Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсан мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерің.

Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.

 

Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.

Алтынымыз мақтанар,
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен шырағым.
Анаң сенің шаттанар,
Табылды деп сыңарың.
Әкең сенің мақтанар
Маздады деп шырағым!

Оң аяқпен аттандың,
Гүл бітсін қонған қияңа
Келіп жүр сүйген жарыңмен
Өзің ұшқан ұяңа!

Ұқсас мақалалар:
» Мерейтой батасы » Күміс той батасы мен алтын той баталары » Баталар жинағы » Балаларға арналған дастархан батасы » Қыз балаға бата » Дастарханға бата беру, ас қайыру » Мал-жанға берілетін бата

Дереккөзі

Related Posts

Қыз балаға бата
Баталар жинағы

Қыз балаға бата

Бата
Баталар жинағы

Бата түрлері

келінге өсиет
Баталар жинағы

Келін түскенде бата беру

келінге өсиет
Баталар жинағы

Келінге өсиет

киіз үй
Баталар жинағы

Киіз үйге қатысты бата, тілектер

Шаңыраққа бата
Баталар жинағы

Шаңыраққа бата, дастарханға баталар, үй иесіне тілектер

Балаларға арналған дастархан батасы
Баталар жинағы

Балаларға арналған дастархан батасы

Балаларға тілек
Баталар жинағы

Балаларға айтылатын бата

22 наурыз
Баталар жинағы

22 наурыз мейрамы: бата, бата беру

Құрбыға тілек
Баталар жинағы

Құрбыға тілек | Бата, тілектер

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021