Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі

  1. Ғылыми ойлаудың пайда болуымен жануарлар психикасы мен жүріс-тұрыс мәселесі барлық философиялық концепциялардың маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Ж.О.Ламеттри адам мен сүтқоректілердің ми құрылысының ұқсастығына мән берді (адамның миында қатпарлар біршама көп болады). Эволюциялық ілім үшін күресте, бүкіл органикалық әлемнің бөлінбейтін біртұтас ретіндегі дамуының үзіліссіздігі туралы жағдайды негіздеуге тырыса отырып Ч.Дарвин мен оның шәкірттері барлық психикалық құбылыстардың ұқсастығы мен жануарлар психикасының арасындағы сапалық айырмашылықтарды жоққа шығарды. Ол жануарлар психикасын адам психикасымен емес, жануарлардың осы тобының тікелей алдында болатын және одан кейін өтетін формалардың психикасымен салыстыру қажет екендігін айтып өтті. Ол психика эволюциясының жалпы заңдары болады, оларды тнымаса адам санасын түсіну мүмкін емес деп есептеген. Эволюциялық бағыт антропогенездің алдыңғы тарихын анықтауға мүмкіндік береді.

Егер жоғарғы омыртқалыларды қарастырсақ, онда психика эволюциясында антропогенезге апаратын сызыққа еш қатысы жоқ бірқатар бүйірлік тармақтану байқалады. Қазіргі кездегі тіршілік ететін приматтар өзінің даму барысында адамға жақындамай ғана қалған жоқ, олар, керісінше, одан алшақтап кетті. Тіпті маймылдардың біршама күрделі психикалық қабілеттіліктерінің өзі тұтасымен алғанда олардың өмір сүру жағдайларымен анықталады және тек осы жағдайларға ғана беймделу үшін қызмет етеді. өмір сүру ерекшеліктері психикалық үрдістердің арнайы ерекшеліктерін шарттандырады. Қазіргі таңдағы маймылдар бойынша біз психикалық дамудың тек деңгейлері мен бағыттары туралы ғана және осы үрдістің жалпы заңдылықтары туралы пайымдаулар жасай аламыз.

  1. Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі. Адам тәріздес (қазылып алынған) маймылдардың адамға айналуының шешуші факторын 120жылға жуық уақыт бұрын Ф.Энгельс ашқан болатын, ол: адамды жасаған еңбек адам санасын да жасады. Еңбек іс-әрекеті, буынға бөлінетін сөйлеу, ал олардың негізінде қоғамдық өмір де адам психикасының дамуын анықтайтын және адамның психикалық іс-әрекетінің белгілері болып табылады. Сананың пайда болуының нақты жағдайларын анықтау үшін жануарлар әлемінде адам іс-әрекетінің осындай формаларының мүмкін болатын биологиялық алғышарттарын табу және олардың дамуының ықтималды жолын бақылау қажет болып табылады.

Еңбек ең басында пайда болғаннан бастап қолдық жасалған, бастапқы адам ойлауы да сондай болған. Қазіргі кезде маймылдарда ол сол «қолдық ойлау» күйінде қалған. Қол еңбектің арқасында жетілудің ең жоғарғы деңгейіне жетті. Ол антропогенезде физикалық та, психикалық та қатынаста орталық орын алады. Еңбек іс-әрекетінің пайда болуының биологиялық алғышарттарын, ең алдымен, сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының ұстау қызметінің ерекшеліктерінен іздеу қажет. Бірақ ұстау қызметі тек маймылдарға ғана тән емес. Фабри маймылдағы және басқа да сүтқоректілердегі алдыңғы аяқтардың негізгі (локомоторлық) және қосымша (манипуляциялық) қызметтерінің арасындағы өзара қатынастарды салыстырмалы аспектіде зерттеді және антопогенез үрдісі үшін алдыңғы аяқтардың негезігі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонистикалық қатынастар шешуші мәнге ие екендігін анықтаған. Алдыңғы аяқтардың бір мезгілде манипуляциялауға белсенді қатысуы олардың сүйену және орын ауыстыру қызметтерінен жиі үйренуге кедергі жасайды.

Қозғалыс белсенділігінің эволюциясы алдыңғы аяқтары негізіг және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонизммен анықталады. Манипуляицялық қызметтердің редуциясында ең алдымен аяқтардың ұстау қабілеттіліктері қиналады. Алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің бір бөлігі бұнда ауыз аппаратына ауысады. Мысалы, ұстау қызметтері аюларда, жанаттарда және басқа да сүтқоректілерде жойылған (әсіресе жабайыларда және кемірушілерде). Жалғыз ерекшелікті приматтар құрайды. Приматтардың локомоциясы бұтақтарды ұстау жолымен өрмелеп шығудан тұрады.

Қозғалудың бұндай тәсілі саусақтардың қозғалмалылығының күшеюімен жіне бірінші саусақты қалғандарына қарама-қарсы қоюды сақтаумен бірге жүреді, бұл манипуляциялауға қойылатын талаптармен үйлесімді сәйкес келеді. Сондықтан маймылдарда алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметі антогонистикалық қатынастарда болмайды, бір-бірімен үйлесімді сәйкестенеді.

Қозғалыс қызметінің өзгеруімен бір мезгіле сенсорлық қызметтер де, әсіресе қолдың терілік-бұлшықеттік сезімталдығы дамыды. Бұл жерде өте маңызды сәт тактильдік-кинестетикалық сезімталдықтың көрумен өзара әрекеттестіктің адамның психикалық іс-әрекетінің қалыптасу факторы ретінде үлкен мәнін анықтаған. Көрудің қолдың қозғалыстық сезімталдығына «үйренуінің» шамасы бойынша қолдардың қозғалыстарының өзі көру арқылы бақыланады, корреляцияланады және басқарылады. Тактильдік-кинестетикалық – оптикалық сезімталдық маймылдарда біртұтас кешендік жүйені құрайды. Жеке-жеке бұл компоненттер басқа жануарларда да жеткілікті жақсы дамыған.

  1. Маймылдардың заттық іс-әрекеті. Бірқатар отандық зоопсихологтардың (Н.Н.Ладыгина-Котс, Н.Ю.Войтонис, К.Э.Фабри) зерттеулері адам тәріздес маймылдардың манипуляциялау барсында объектіні практикалық талдауды іске асыратындығын көрсетті (жеке тетіктерді жинау, тексеру және бөлу).

Бірақ адам тәріздес маймылдарда төменгілерге қарағанда синтетикалық (конструктивті) әрекеттер күштірек көрінеді.

Конструктивті іс-әрекеттен басқа Н.Н.Ладыгина-Котс осы жануарлардағы бейімделу-тексеру, өңдеуң қозғалыстық-ойындық қызметтерді бөлді. Тамақтық емес объектілерге қатысты көбінесе танысу, өңдеу(тырнау, кеміру)және конструктивті іс-әрекет шығады. Аз дәрежеде құралдық іс-әрекет пайда болады. Құралдық іс-әрекет лабораториялық жағдайларда табиғи жағдайларға қарағанда көбірек көрінеді.

Қазылып алынған антропоидтарда – адамның ата-бабаларында – құралдарды пайдалану қазіргі кездегі адам тәріздесмаймылдарға қарағанда мәнді жақсы дамыған болуы мүмкін. Фабри заттық, құралдық іс-әрекет кейде биологиялық заңдылықтардың шегінен шыға алмай қалады және еңбек іс-әрекетіне «өседі» деген қорытындыға келеді. Егер жүріс-тұрыстағы түбегейлі өзгерістер басталмағанда, тіпті қазылып алынған адам тәріздес маймылдардағы манипуляцияның жоғарғы көрінулері биологиялық бейімделудің формалары ретіндегіден артық емес болып мәңгілікке қалар еді. Ол түбегейлі өзгерістердің аналогиясын К.Э.Фабри әйгілі экстемалды жағдайдарда қазіргі кездегі маймылдарда кездестірген болатын. Бұл құбылысты ол «компенсаторлық манипуляциялау» деп атады. Лабораториялық жағдайларда (кедей) манипуляциялық белсенділіктің түбегейлі қайта құрылуы өтеді – «бытыраңқы» манипуляциялық іс-әрекет олардың меншігіндегі аз заттарда концентрацияланады. Нәтижесінде олар интенсивтілігі бойынша әртүрлі, ұзақ мерзімдік аз заттармен манипуляция жасайды, бұл біршама күрделі манипуляциялық қозғалыстардың пайда болуына алып келеді. Сонымен, әртүрлі заттармен манипуля жасаудың табиғи қажеттілігі бірлескен ортада манипуляциялаудың сапалық жаңа формасы – «компенсаторлық манипуляциялаумен» компенсацияланады. Заттармен тек осындай тереңдетілген әрекеттер ғана еңбек іс-әрекетінің пайда болуына негіз болады, өйткені миоценаның соңында тропикалық ормандардың тез қысқаруы басталады.

Куруиация – бұл локомоция тәсілі. Куруиация – дененің біршама түзу жағдайында артқы аяқтарымен жуан бұтақтарда жүру. Куруиация маймылдарды құралдық іс-әрекет үшін пайдаланылуы мүмкін алдыңғы аяқтарға сүйенбестен жерде жүруге жақсы дайындар еді.

Анторпоидтардың ішінде адамның тікелей ата-бабасы болған бір ғана – жалғыз түр аман қала алады. Бұл плейстоценаның бас кезінде болды. Ормандарда тіршілік етіп қалған маймылдарда компенсаторлық қозғалыстар дамымай қалды және олар үшін биологиялық беймделудің алдыңғы формалары толығымен жеткілікті болды.

Еңбек құралы белгілі-бір еңбек операциялары үшін арнайы дайындалады. Және оның болашақтағы қолданылуы туралы білімдерді болжайды. Құралдарды дайындау болашақтағы мүмкін болатын себеп-салдарлық қатынастарды алдын-ала білуді болжайды. Н.Н.Ладыгина-Котстың зерттеулері бойынша шимпанзе тікелей пайдалануға құралды дайындаудың өзінде бұндай қатынастарды ұғынуға қабілетті емес, ал пайдаланып болғаннан кейін олар оны болашаққа сақтап қояды.

Осылайша, еңбектің пайда болуымен бүкіл жүріс-тұрыстың түбегейлі өзгеруі байланысты: қажеттіліктерді тікелей биологиялық мотивтерге бағытталмаған арнайы әрекеттер бөлінеді.

Қоғамдық қатынастар мен өндіріс формаларының ары қарайғы даму шамасы бойынша бұндай әрекеттер көп орын алады.

Негізгі құрал дайындау затқа тікелей эффекторлық мүшелермен емес, басқа затпен әсер етуді болжайды (өңдеу – басқа құралмен жасалады). Дәл осындай заттардың табылғандығы адамның ата-бабаларында еңбек іс-әрекетінің болғандығының дәлелі болады.

Фабридіңжүргізген бақылаулары бойынша «нейтралды» заттармен манипуляция жасағанда маймылдар біір затпен екіншісіне әсер етсе де, бұнда «өңделіп жатқан» объектідегі өзгерістерге емес, тікелей әсер ету объектісіндегі болған өзгерістерге мән береді.

әйгілі кеңес антропологы Я.Я.Рогинский адам эволюциясындағы «екібұрылыстық пунккттер» теориясын жасады.

Олар:

1 – еңбек іс-әрекетінің пайда болуы;

2 – дамудың биологиялық жазықтығынан әлеуметтік жазықтығына өту. Осы бұрылыс қазіргі адамның – неонтроптың пайда болуына алып келеді. Рогинский бұл жерде табиғи таңдаудың түр қалыптастыру рөлінің жойылуы мен әлеуметтік заңдылықтардың жеңісі туралы айтады.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top