Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Жануарлар өмір әрекетінің негізі –инстинктивті мінез-құлқы

  1. Инстинктивті мінез-құлық пен үйрену бір бірімен тығыз байланыста болып ғана біртұтас құлқылық акт болады. Қазіргі ғылыми зерттеулерде «инстинкт» ұғымың сирек қолданады, яғни оның ұғымындарының жіктелуі өте көп, туа біткен, тұқым куып бекітілген, бөлек инстинктивті қозғалыстардан тұратың ( поза, дыбыс т.б.) сияқты инстинктивті қозғалыстар немесе акті «инстинктивтік құлқы» деп те түсіндіріледі. Осы терминдердің айқын шектеуі жануарлардың мінез-құлқың талқылайтың этологиялық талдауға керек.

Жануарлар организмінің «жұмыс» ағзаларының сыртқы қызметтік жиынтығы болып мінез құлқың айтсақ, осы қызметтің өзің және олардың уақытта және кеністікте бағытталуың айыра білген жөн. Осылардың барлығы да инстинкт негізінде болады да, ал үйрету арқылы сол қызметтердің бағыттарың өзгертуге ғана болады. Бұның мағнасың кенінен ашсақ, жануарлардың құрылыстық генетикалық бікетілген ағзаларының қызметің үйрету арқылы өзгерте алмаймыз. Инстинктивтік қозғалыстардың т.а. экзосоматикалық мүшелердің қызметтерінің сипаттарың анықтайтың морфологиялық ерекшеліктер. Мәселен, қояндардың қол аяқтары морфофункциональдық табиғи икемделмекендіктен оларды сіріңке жағып үйретуге болмайды.

Сыртқы белсенділікте байқалатың жануарлардың организмінің өмірлік қызметі инстинктивтік қозғалыстар мен басқа да инстинктивтік тітіркенулерде негізделеді (термикалық, электрикалық, бояудың өзгеруі, сөлдердің бөлінуі т.б.). Осы реакциялар негізінде ағзаның өмірлік қызметтері, заттар алмасуы соңымен қатар өкілдердің көбею және өмір сүруі қамтамасыздалады.

Инстинктивті мінез-құлқы экзосоматикалық мүшелердің қызметтерімен шектеліп қана қоймайды, және де реттеу механизмі мен кеністік-уақыттық бағытталудаң тұрады. Осы реттеу мен бағытталу уйрену негізінде жүзеге асады да инстинктік процеске қосымша толтырады.

Инстинктивті мінез-құлқының ішкі факторы.

Көп уақыт бойы, инстинктивті әрекеттер ішкі және құпиялы себептермен анықталады, ал жеке үйренулері сырткы түрткілерге байланысты деп санаған. Мұңдай көзқарастар Ежелгі ойшылдарда жиі кездеседі. Декарттың кезінен бастап өріс алған механикалық қатынас, мінез-құлқының қозғаушы күші сыртқы факторлар деген пікірде болған.

Алдымен ішкі факторды қарастырсақ, жануарлардың организмінің ішкі ортасы үздіксіз жаңарып отырады, бірақ тоқтаусыз ассимиляциялық және диссимиляциялық процестерге қарамастан, орта өзінің физиологиялық көрсеткіштерімен тұрақты келеді. Ішкі ортаның тұрақтылығы- организмнің өміріне өте кажетті жағдай. Тек тұрақты жағдайда ғана керекті физиологиялық және биохимиялық процестер жүреді. Қандай болмасың нормадан тыс шамалы өзгерістер интрорецепторлар жүйесімен қабылданып тұрақтандырып өзіндік реттеудің физиологиялық механизмің іске қосады. Кенес физиологі академик П.К.Анохин өзін-өзі реттеу механизмі деп кері байланыс принципі бойынша қызмет ететін (кері афферентация) және функциональды жүйе ретінде белгіленген.

Сонымен, ішкі ортаның тұрақтылығы организмнің ішкі процестерінің өзіндік біркелкіліктін қайта орна келуіне негізделген. Осы процестердің ерекшілігінің бірі өзін-өзі реттеу жүйесінде жүретін ритм формасында болуы. Әйгілі кенес зоопсихологі В.М.Боровский 30-жы жылдары мінез*құлықтың алғашқы мотивациясын осы ритмнің (ырғақтың) өзгерісіне байланысты келуі деген. Ол инстинктивті қылықтың мотивациясы түрткі немесе құмарлық ретінде қарастырылып материялдық әлемге тән болып қарастырған. Сонымен қылықтын негізгі мотивациясы азды-көпті физиологиялық қызмет деңгейінің нормадан ауытқуы, ішкі ырғақтың бұзылысы, организмнің тіршілігін қамтиды. Бұл өзгерістер қажеттілік тудырып, мінез-құлықтары соңы қанағаттандыруға бағытталады.

Мінез-құлықтың ішкі мотивациясы үшін орталық жүйке жүйесінде өтетін ритм процесінің маңызы зор. Оңы биологиялық сағат деп атаймыз. Бұл мінез-қылыққа қатысты, жануарлардың сыртқы белсенділігінің кезенді тербелісі, ырғақты қайталанатың әрекеттің басталуы мен аяқталуы ғарыш уақытымен синхронды келетін «ішкі сағат» ырғағымен анықталады. Қылық ырғағына өзгерістер көптеген биологиялық маңызды орта факторларымен еңгізіледі, бірақ инстинктивті мінез-қылықтың жалпы «канва» (арқау) болатыны шамамен тәулікке тен («циркад» ырғағы) кезенмен өзіндік қоздыратың тербеліс процесімен анықталады.

Ереже жағдайда бұл ырғақ , бір тәулікте жер өз белдігінде айналуымен анықталатың, орта өзгерістерімен синхронданған.Бұл жағдай жануарларды жасанды жағдайда да сақталады.

Жануарлар мінез-қылықтарында циркадтық ырғақтан басқа, күн бойы көп қайталанатын қысқа мерзімді ырғақта кезедеседі. Неміс этологі В.Шлейдт индюктін қоқылдауы, сыртқы әлемнен оңашаланған және дыбыстан ажыратылған болғанымен, заңдылықты түрде кезенді қайталанып отырылатының дәлелдеген. Әрине, ереже жағдайда ішкі ырғақтың өтуі сыртқы әсерлер ықпалымен (есту, көру, метеорологиялық факторлар т.б.) өзгереді, және де жануарлардың жалпы физиологиялық жағдайына да байланысты келеді.

«Ішкі сағат» жануарлардың кеністікте бағытталуы үшін де қажетті. Мысалы көшпелі құстардың уақытын алсақ. Құстар астрономиялық бағыт үшін күнді алып аспанда оның орналасуы туралы ақпарат алуы циркадтық ырғақтын фазасымен күн орналасуының салыстыруын қабылдаумен байланысты келеді.

Сөйтіп, Шлейдтің эксперименті, нерв жүйесінің эндогендік процесі сыртқы адекватты стимул болмаған жағдайда нақты инстинктивті қозғалыстарды орындауға итермелейді екенің көрсетеді. Неміс нейрофизиологі Э.Хольст тауықтың бас миының түп бөлігінде (эксперимент кезінде тоқпен белсендірілген кезде әртүрлі функциональдық мағынасы бар әдеттегі инстинктивті қозғалыстар туғызатың аймағын тапқан. Сол ми аймағын әртүрлі күшпен қоздырған жағдайда биологиялық маңызды ситуацияға тән видиотиптік қозғалыстар жасалатыны көрсетілген, мысалы, жақындап келе жатқан жауды көрген кезеде. Соңымен, мінез-қылық іштей ұйымдасып биологиялық өзін-өзі реттеуде негізделіп видтің генетика қорында кодталады.

  1. Инстинктивті мінез-қылықтың сыртқы факторы.

Этологиялық тұжырымдамалар бойынша инстинкт қозғалысы «туа біткен пусктік механизммен» қоршалған деп айтылғанымен, сол механизм нейросенсорлық жүйе жиынтығы болғандықтын мінеқұлықтық акт биологиялық адекватты орта жағдайына орайластыру болып жатады.

Сыртқы тітіркендіргіштер, өз жиынтығымен пусктік жағдай құрайтындығынан «өзекті (ключевых) тітіркендіргіш» деген атаққа ие болды. Өзекті тітіркендіргіштер, жануарлар туа біткен видиотипті мінез-қылық формаларының жеке тәжірибесіне тәуелсіз ілтипат білдіреді. Өзекті тітіркендіргіштердің жалпы қасиеті болып ортаның тіршілікке қажетті арнайы қарапайым белгілері жатады. Өзекті тітіркендіргіштерге қарапайым физикалық немесе химиялық белгілер болуы мүмкін ( жай қана форма, көлем, түс, иіс, қозғалғыштығы т.б.), немесе олардың кеністік қатынасы (детальдардың өзара орналасуы, жанама өлшемі т.б.) немесе вектор болуы да мүмкін. Осы белгілердің иелері болып басқа да хайуанаттар, өсімдіктер және өлі табиғат объектілері жатады. Осы ақырғы аталған өзекті тітіркендіргіш үстем бағыттайтың қызмет атқарады. Мәселен, неміс этологі Ф.Вальтер, бөкен бұзауының өзекті стимулы болып демалыс орнын таңдауды анықтайтың «бір тіке зат» (қозғалусыз жатқан) объект болады. Өзекті тітіркендіргіштің ішінде ең жақсы зерттелген болып хайуанаттардың өзі жатады. Қазіргі этологияның негізін құрған голланд зоологі Н.Тинберген күміс тәрізді шағалаларда макет арқылы ас реакциясын («емінушілігін» ата-ана особін шоку арқылы) зерттеген.

Табиғи жағдайда , аш күмістәрізді шағала балапаны анасының сары тұмсығындағы қызыл дақты шоқиды, ал ол болса жауабына балапанының аузына әкелген тамағын құсады.Яғни осыған орай эксперименте де осыған ұқсас макет қолданып, макет келбетін аздап өзгерте отырғанның өзінде өзекті болып қызыл дақ қалады.

Шағаланың жұмырқаға деген қатынасын зертеп подмосковьедегі Киево көлінде 30-шы жылдары өте қызықты тәжірибені Г.А.Скребицкий мен Т.И.Бибикова қойған.

Түбінде мынадай қорытындыға келген, заттың түсі өлшемі салмағы әртүрлі болып келгенімен формасы қана сай болуы қажет екен. Егерде басқа формадағы зат салынса ол алынап тасталады екен.

Сонымен, эволюция процесінде, организмнің ішкі ортасының үздіксіз пайда болып отыратың өзгерістеріне орай қажеттілікті қанағаттандыруға керек сыртқы ортаның тұрақты компоненттеріне бейімделу пайда болады.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top