Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Зоопсихология ғылымының даму тарихы

Жануарлардың психикасы адамдардын қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады.Антикалық ойшылдарды әсіресе,жануарлар психикасының адам психикасына қатынас мәселесі қатты қызықтырған.Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән.Ол сол кездегі ірі биологтар-Ж.Л.Леклерк-Бюффонның Ж.Б.Ламарктың зерттеулерімен байланысты.

Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч.Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті.Ч.Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістердің пайда болу жалпылығын дәлелдеді,бірақ салыстырмалы дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды.»Антропоморфизм»бағыты пайда болды,ол адаммен- аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.

Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А,Н. Леонтьев қарастырды.Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды.Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді,тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы-сезімталдық,яғни түйсінуге қабілеттілік пайда болады.Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А.Вагнер болып табылады.Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ,бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге,сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты.Басқа бағыттар(«психофизикалық параллелизм»)психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды.ф

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top