Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Перцептивтік психика дамуының жоғарғы деңгейі

Перцептиті психика кезеңдері дамуының жоғарғы деңгейіне эволюция барысында тек жоғарғы омыртқалылардың өкілдері ғана жетті, олар – құстар мен сүтқоректілер. Осы денгейде жануарлар әлемінде кездесетін психикалық іс-әрекеттің біршама күрделі көрінулері байқалады. Кеңістіктік бейімделу осы жерде де так систердің негізінде іске асады; бағдарларды индивидуалды аста сақтаумен сипатталатын, мнемотаксистер қсылатын, троп-. тело- және ментоксистер. Жоғарғы омыртқалылардың өмірінде мнемотаксистер ерекше үлкен рөл атоқаратын болғандықтан, бейімделудің туа берілген тәсілдері бұл жерде өмір барысында индивидуалды жинақталған тәжірибемен мәнді байиды. Қоршаған ортаның компоненттеріне әсерленудің биологиялық адекваттылығы жоғарғы омыртқалыларда да жүріс-тұрыстың инстинктивті элементтерімен қамтамасыз етіледі. Биологиялық жағдайларға адекватты әсерлену тек белгілердің, объектілер мен жағдайлардың үнемелігінде ғана мүмкін, бұл жануар кілттік тітіргендіргішке әсерленген кездегі тектік бекітілген, туа берілген негізде өтеді. Сонымен инстинктивті әрекеттер жануарлар үшін әйгілі танымдық мәнге де ие болады, ол оғанқоршаған ақиқаттықпен танысқанда көмектеседі.

Инстинктивті жүріс-тұрыс дамуының ерекше жоғарғы денгейіне жоғарғы омыртқалыларда жануарлардың бір-бірімен рәсімденген қарым-қатынастары жетеді. Қарым-қатынас сферасында жүріс-тұрыстың инстинктивті формалары біршама көп таптауырындыққа қол жеткізіледі. Қатал бекітілген зоопрагматикалық құралдарсыз ақпараттарды беру негізгі бола алмайды. Толық қанды қарым-қатынас сондай-ақ жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін – жеке особтардың және тұтас қауымдастықтың жүріс-тұрысының интеграциясы үшін қажетті жағдай болып табылады.

  1. Қозғалыстар. Бұл денгейдегі жануарлардың локомоторлы қозғалыстары біршама «автоматтанғандардың» қатарына жатады және олардың әртүрлілігі тіршілік етудің арнайы жағдайларына тәуелді болып келеді. Жоғарғы омыртқалылардың алдыңғы аяқтары, негізгі, сүйеніш-локрмоторлық қызметтен басқалары, әртүрлі заттармен манипуляция жасауда көрінетін қосымша қызметтер атқарады. Қосымша қызметтер жоғарғы омыртқалыларда ауыз аппаратына да тән, бұнда осы екі эффекторлық жүйелердің арасында қызметтік өзара әрекеттестік болады. Манипуляциялау әсіресе оларға деструктивті әсер етудің барысында заттарды кешендік тексеруне көмектеседі және жануарлардың танымдық қабілеттіліктерін дамытады. Осылайша, алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің прогрессивті дамуы психикалық дамудың факторы болып табылады.

Манипуляциялаудың түрлеріне комфорты жүріс-тұрыс та (денені тазалау) жатады.

  1. Сенсорлық қабілеттіліктер. Жануарлардың сезім мүшелері бұл денгейде өзінің дамуында жетістікке детті деп айтуға болады. Белглі-бір сезім мүшелерінің және олардың әртүрлілік денгейінің болуы тіршілік етудің нақты жағдайларына және жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді болып келеді. Сезім мүшелеріне жоғарғы компенсаторлық мүмкіндіктер тән, мысалы, бір қатар үңгірлік балықтарда көру мүшесі жоқ болғанда олардың қызметін есту мүшесі жақсы атқара алады. Бес негізгі сезім мүшелерінен басқа кейбір түрлерде сезімталдықтың ерекше түрлері болып, мысалы, ультрадыбысқа (жарқанат) инфрадыбысқа (кит), инр қызыл сәулелерге сезімталдық және т.б.

Егер негізгі перцепция туралы айтатын болсақ, онда орта компонеттерін заттық қабылдауда, дөңгелекауыздылардан басқа, омыртқалылардың барлық түрлері қабілетті болып келеді. Бұндай қабілеттілік талдау мен жалпылауға тек жеткілікті дамған қабілеттіліктің негізінде ғана мүмкін болады. Бірақ төменгі (балықтар) және жоғарғы (құстар мен сүтқоректілер) омртқалылардың араснда қабылдауға қабілеттілік сапалық айырмашылықтары бар. Жоғарғ омыртқалылардың тіршілік ету үшін, жекелеп алғанда индивидуалды тәжірбиені бекіту үшін өте маңызды қабілеттілгі олардң көру арқылы жалплауға қабілеттілігі болып табылады. Бұған дәлел алғаш рет Л.В. Крушинский бейнелеген, көру алаңынан оның жоғалуынан кейін демдердің орын ауыстыруын бақылау қабілеттілігі көрінетін жануарлардың жабайы формаларындағы «экстраполяция» құбылысы тәрізді құбылыс бола алады. Бірнеше уақыт өткеннен кейінгі реакциялар әдісін қолдана отырып жүргізілген көптеген ғалымдардың эксперименттері көрсеткендей, елестер ормасындағы жалпыланған көру бейнелері омыртқалы жануарлардың арасында кеңінен таралған. Эксперименттің мағынасы, жануарлардың көзінше жемді жасырып қоюдан бұрын, оны басқаға, аз тартымды затқа білдірмей алмастырып қояды және оған оны тек бірнеше уақыт өткеннен кейін ғана іздеуге жібереді. Егер жемді тапқаннан кейін жануар «көңілі қалғандығын» көрсетсе, онда елесте басқа заттың бейнесі болған деп болжам жасауға болады.

Сонымен, жоғарғы омыртқалылардың, негізінде елестер қалптасатын, заттық қабылдауға, талдауға және жалпылауға қабілеттілігі индивидуалды тәжірбиені жинақтаудың негізін құрайтын күрделі дағдылардың пайда болуының маңызды алғышарты болып табылады.

  1. Қарым- қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі барлық сенсорлық каналдарды пайдаланумен өтеді. Ольфаторлық сигнализация- химиялық жолмен басқа особтарға ақпарат беру аймақтық жүріс- тұрыста, әсіресе аймақты таңбалауда басым болады. Оптикалық канал – айқын позалар мен дене қозғалысының көмегімен ақпаратты беру, оған рәсімделген жүріс-тұрыс енеді. Мысалы, демонстациялық жүріс- тұрыс бір-біріне дененің түрлі бөліктерін немесе позаларды демонстрациялауда көрінеді. Осы позалар бағытталған жануарлар адекватты түсіне алатын «қорқытып тастау», «жақсы көріну» немесе «бағынушылық» позалары болады. Акустикалық канал дыбыстардың көмегімен ақпаратты беру үшін қызмет етеді. Коммуникация үрдісіндегі белгілі –бір каналдың басым болуы жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді. Ақпаратты беретін жануар «экспедиент» деп аталады, ал ақпаратты қабылдайтын жануар-«перцепиент» деп аталады.
  2. Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Инстинктивті жүріс-тұрыс эволюция үрдісінде өзінің мәнділігін жоғалтпайтын болғандықтан, ол принциптік түрде үйренумен алмаса алмайды, өйткені инстинкт- бұл түрлілік тәжірбие, ал үйрену –индивидуалды тәжірибе. Бірақ,, академик А.Н.Северцов көрсеткендей, жоғарғы омыртқалыларда, әсіресе сүтқоректілерде, психика үйрену үрдістері дамуының арқасында эволюцияның шешуші факторы мәніне ие болады. Бұнда инстинктердің мәні толығымен сақталады. Срнымен қатар, инстинктердің біршама жоғарғы дамуы жоғарғы омыртқалыларда онсыз негізгі ақпарат беру мүмкін емес болатын, қарым- қатынастың тектік бекітілген құралдарынан тұратын рәсімдеу жүріс- тұрыстарында байқалады. Негізгі қарым- қатынас жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін қажетті жағдай болып табылады- яғни жеке особтардың және тұтас қауымдастықтар жүріс- тұрыстың интеграциясы үшін. Бірақ қарым- қатынастың индивидуалды ерекшеліктерінің қалыптасуында үйрену үрдістері мәнді рол атқарады. Қарым –қатынастың индивидуалды жинақталған элементтері жануарларға жабық камуникативті жүйелер сыртына шығуға мүмкіндік береді және, осылайша, ол нәтижесінде қарым- қатынастың адамға тән формаларының туындауына алғышарт болып табылады. Тек жоғарғы омыртқалыларда ғана олардың жүріс-тұрыстарының иілгіштігін және бейімділігін анықтайтын күрделі дағдылар кездеседі. Жүріс –тұрыстың иілгіштігі орта жағдайларының өзгеруіндегі дағдылардың тез қайта құрылу мүмкіндігінде көрінеді. Міне, сондықтан күрделі дағдылар жануарлардығ психикалық іс-әрекеттерінің жоғарғы формаларының- интелектуалды әрекеттердің –дамуы үшін алғышарт болып табылады.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top