Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Перцептивтік психика дамуының төменгі деңгейі

Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар-бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады.Мысал ретінде жануарлардың ең көп классы ретіндегі жәндіктерді қарастырамыз.Олар барлық жерлерде –құрлықта,барлық тұщы су суаттарында,сонымен қатар ауада да тіршілік етеді.

  1. Қозғалыстар.Жәндіктердің қозғалысы саналуандылығымен ерекшеленеді.Олар барлық жерлерде тіршілік етеді және осыған тәуелді жәндіктердің локомоциялары үлкен саналуандылғымен ерекшеленеді.Еркек бөгелектің ұшу жылдамдығ сағатына 122км. жетеді,ал кейбір жарғақ қанаттылардың қанат қағуының жиілігі-секундына 1000-ға дейін жетеді.Жәндіктердің бұлшықеттері ерекше жақсы дамыған,специализациялану мен дифференциацияның жоғарғы деңгейінің арқасында,олар өздерінің салмағынан көп ауыр салмақты көтеруге қабілетті болып келеді.
  2. Нервтік жүйе және сезім мүшелері.Жәндіктердің бас миы-күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап-ол үш бөліктен тұрады:1-біршама дамыған алдыңғы бөлік(протоцеребрум).Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты;2-мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтрцеребрум);3-ауыздық аппараты иннерациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум).Қол-аяқты малюскалардың (сегізаяқтар)нервтік жүйесі дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен.Олар жануарлардың барлық түрлерінің ішінде ең ірі көру мүшесі бар организмдер болып табылады,олардың көру мүшесінің диаметрі-40 сантиметрге дейін жетеді.Жәндіктердің өмір сүретін арнайы жағдайлары (ортаның сапалық әртүрлі агенттерінің көптігі мен саналуандылығы) оларды көптеген,өздігінше құрылған сезім мүшелерінің пайда болуына алып келді.Мысалы,көру мүшесінің құрлыс күрделі болп келеді (күрделі көз) және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден (омматидий) тұрады.Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады.Омматидиялар басқа омматидиялардан дақтық салымшлармен шеттетілген және оларға тәуелсіз қызмет етеді.Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын 7-8 көру клеткасынан тұрады. Жеке омматидиялардан келетін көру тітіркендіргіштері біртұтас бейнеге жинақталады,яғни оларда заттық көру бар деген сөз.Олар форма мен түсті оптикалық қаблдауға қабілетті болып келеді.

Жәндіктер ерекше әлемде (микроландшафтлы және микроклимат жерлерде) өмір сүретін болғандықтан,мысалы, қалақай көбелегінде,айқын көру тек жуықтап алғанда 2-3 сантиметр арақашықтықта ғана мүмкін болып табылады.Жәндіктер қозғалмал заттарды немесе өздері қозғалып бара жатқан сәтте тныштықта тұрған заттарды жақс көре алады.

  1. Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас.Бұл деңгейдің өкілдерінде негізгі топтық жүріс-тұрыстң өте күрделі формалары байқалады.Оларда сезімталдықтың барлық түрлері жақсы дамығандықтан,олар барлық сенсорлқ бойынша ақпаратты берумен коммуникацияға қабілетті болып келеді. Өз уақытында аралардың тамақтың тұрған орны туралы ақпаратты беруіне көмектесетін олардағы рәсімденген «бидің» тілін шешу үлкен жаңалық болды. Бұл жаңалықты австралиялық ғалым К.Фриш 20 жыл бойы бал араснң жүріс-тұрысын зерттегеннен жасаған болатын. Риш бойынша жүгіріп өту сызығы мен көлднеңнің арасындағы бұрыш үшу сызығы мен аспандағы күннің орналасқан жерінің арасындағы бұрышына сәйкес келеді. Бұл жерде біз аралардың фотоментаксистермен геоментоксистерге транспозиция жасауға қабілеттіліктерімен кездесеміз; күннің орналасқан орнына бекітілген бұрыш жердің тартылыс күшіне ауыстырылады. Транспозиция жануарлар арасындағы қарым-қатыастың негізінде жатқан трасформациялардың жеке жағдайы болып табылады; қоршаған орта қасиеттері оптикалық, акустикалық және басқа да сигналдардың түрлеріндегі арнайы кодтң көмегімен жануарлар тіліне трансормацияланады. Қарым- қатынастың инстинктивті формаларының ең жоғарғы денгейі жүріс- түрыстың рәсімденуі болып табылады. Рәсімдеу барысында кейбір тектік бекітілген позалар мен дененің қозғалыстары сигналдық,, яғни ақпаратты беруші бола бастайды. Осы денгейдегі жнуарларға территорияны маркирокалау мен қорғауда көрінетін территориялық жүріс-тұрыс тән.
  2. Үйрену. Онтогенездегі кез келген инстинктивті жүріс-тұрыстың қалыптасуы инливидуалды тәжирбиені жинақтаумен бірге жүреді, яғни инстинктивті жүріс- тұрыс үйренумен жетілдіріледі. Бірақ бұл денгейде соңғы орынды инстинктіге қатысты бағынышты жағыдай алады. Сонымен, жәндіктердің өмір сүру ортасының ерекшеліктері олардың психикалық дамуының ерекшеліктерінде бейнеленеді.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top