Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Хордалылар типі

.Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.

Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.

Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.

Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.

Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.

Зоологияныңнегізгімақсаты—омыртқалылардыңұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.

Ходалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.

Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.

Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.

Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы — екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.

Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.

  1. Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан – бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды.

Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі – (Branchiostoma Lanceolatum).

Сыртқы түрі. Ланцетник – ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.

Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары – цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады.

Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады.

Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады.

Cурет 1.

Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты – невроцель деп атайды. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш – гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі – жарық сезгіш клетка, ал екіншісі – пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі – құрсақ, екіншісі – арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш — сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.

Сезім органдары – өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, ажырата алады. Сонымен қатар денесінде – эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.

Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық өсінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.

Қан айналу системасы – карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.

Зәр шығару жүйесі – жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен – соленоцидтармен қапталған..

Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.

Көбеюі және дамуы. Ланцетниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А.О. Ковалевский зерттеген. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады.

3.Балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының үшіншіден, иіс сезімі және тану тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының экотодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б. жатады.

Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған беімделе алады.

Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.

Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші- шеміршекті балықтар; екінші -сүйекті балықтар.

Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақапақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді, 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларың дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Бас сүйегі ми сауытының, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған.

Ac қорыту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп жұтқыншаққа жалғасады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиральды қатпаршалары болады. Қатпаршалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Көкбауыр қарынның иілген жағында жатады.

Тыныс органдары. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделердің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан жүрекше мен қарыншадан тұрады.

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол ортаңғы, аралық, алдыңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Миынан 11 жүп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 жұп нерв тарайды,

Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінің өзіндік ерекшілігін аңғару қиын емес. Өйткені көзінің қасаң қабығы жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді, жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды.

Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін мезанефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос Вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.

Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық без бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Аналықтың зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімдерімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, Вольфов каналдарына барып құйылады. Вольфов каналшалары аталық балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Бүйректердің артқы бөлімі зәр шығару органының қызметін атқарады да, алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы болып есептеледі.

Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады.Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: Шеміршекті- сүйектер,қауырсың қанаттылар,қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.

Сыртқы құрылысы

Балықтардың денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсақтың шекарасында артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерге орналасады. Құрсақ қанаттары денесініңалдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Балықтардың құйрық қанаттары кең, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды Басының тұмсық жағына сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдынғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.

Балықтардың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құйрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының жәрдемімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен бірге қос канаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.

Ішкі құрылысы.

Омыртқа желісі. Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайдықұйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.

Бас сүйегі. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуірбөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dermocranium) және шеміршек (chondrocranium) тектес сүйектерден пайда болған.

Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі қарақұс тесігін көмкере орналаскан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақұс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарғы шүйде сүйегі қоршап жатады. Есіту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.

Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.

Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Сөйтіп, шеміршек арқылы сүйектену ми сауытының артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауғақатыспайды.

Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және оның алдыңғы жағында жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.

Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральдық скелет құрылады. Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен ұштасатын шеміршекті буындасу сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.

Желбезек қақпағы гиомандибуляре сүйегіне бекіп тұрады. Желбезек шатыры жалпақ келген үстірт төрт (қақпақ, қақпақ алды, қақпақ асты және қақпақ аралық) сүйектен құралған.

Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасының төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйекшелер — желбезек торсылдағының қауырсыңдары болады. Алабұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі — біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден, көз аралық пердесі болмайды.

Аяқ скелеті. Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден барып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек «жауырын» мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеу келіп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.

Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып есептеледі.

Сурет. 2.

Ет системасы. Кеудесі мен құйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұтақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады, Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.

Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлдеқайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миының көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың, көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен қапталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арақылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды.

Бұларға алдыңғы мидың жұп сіңірлері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.

Бас миынан 10 пар нерв таралады (I—X). ХІІ-пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.

Көру органдары. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың, көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан.

Есіту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттермен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады.

Дәм сезу органы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.

Иіс органдары — екі тесікті (танау) жұп қапшықтардан құралады.

Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақаралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай алмайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақты жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда түрліше болады. Мәселен алабұғада—3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық.

Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашылады.

Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шажырқайда шашырап жатады.

Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне орналасады. Торсылдақты іші газға (көмір қышқыл газына, оттегіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы — торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамыларының болуына байланысты.

Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ капиллярға тарамдалады.

Осы ұсақ қан тамыршалары арқылы, торсылдақ ішіндегі оттегін қабылдап, немесе газ алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқа шығарып отырады. Осындай процестің нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Бұған қарағанда торсылдақ кейбір балықтарда аздап болса да тыныс алу процесіне қатысады.

Тыныс алу органдары. Алабұғалардың: басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатынжетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезекқуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады.

Сүйекті балықтар — желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады.Балық желбезегі қақпағын ептепкөтере бастағанда, желбезек қақпақшасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағыныңастында бос қуыс пайда болады және ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады.

Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камерадан тұрады: вена колтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаныңакуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды. Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен.Сөйтіп қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артерияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан са бақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқабалықтардан ерекшелігі болып есептелінеді.

Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.

Вена. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:

1) бүйір веналары болмайды;

2) сүйекті балықтардың көпшілігінде, тек қана сол жағындағы артқы кардиналь венасы тікелей келіп кювьер өзегіне жалғасады,

3) құйрық венасы бауыр кақпа венасымен бірігіп кетеді.

Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тәрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйректерінің ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов каналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Кейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.

Жынысоргандарының құрылысы — шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады. Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын – мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек пен байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.

Уылдықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмінен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және «тірі жұмыртқа» туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тәрізділері және аквариумдарда өсіретін – гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top