Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Эвалюциялық тұрақты стратегиялар түсінігі

Эволюциялық-тұрақты стратегиялар түсінігі сонымен қатар жануарлар коммуникациясы сферасына да жатады. «Стратегия» сөзі жануарлар арасындағы конфликтілерден оңай бақылауға болатын «жүріс-тұрыс сызығын» білдіреді.

Эволюциялық-тұрақты стратегиялар теориясының (ЭТС) негізін салушы М. Смит, Дж. Прайс пен Дж. Паркер болып табылады. Егер популяцияның особтарының көпшілігі қабылдаса, кез-келген стратегия эволюциялық-тұрақты болады. Особ үшін ең жақсы стратегия басқа особтардың қабылдаған стратегиясына тәуелді болады. Белгілі-бір стратегияның пайдалы екендігін дәлелдеу үшін М.Смит олардың модельдері мен ойындардың математикалық теориясын пайдаланды. Кез-келген жүріс-тұрыстың нәтижесі баллдармен көрсетіледі: жеңіс – (50+), жеңілу – (0), уақытты жоғалту – (10), жаралану – (-100). Конфликтіден қашу стратегиясының моделі Көгершін деп аталады, ал шабуыл жасау стратегиясы – Қаршыға деп аталады. «Қаршыға-көгершін» конфликтісінде Көгершін 0 ұпай алады, ал Қаршыға –(50) ұпай алады және бірте-бірте бүкіл популяция Қаршығалардан тұратын болады. Бірақ «Қаршыға-көгершін» конфликтісінде әрқайсысының орташа қорытындысы (-25) құрайды. Бірнеше уақыттан кейін Қаршығалар популяциясында Қаршығалармен конфликт барысында 0 ұпай алатын жоқ дегенде бір көгершін міндетті түрде пайда болады. Қаршығалар өздерінің өзара конфликтісінде орташа есеппен (-25) ұпайдан алады. Қаршығалар бір-біріне шабуыл жасайды және сол популяцияда тек Көгершіндер ғана қалады. «Көгершін-көгершін» конфликтісінің орташа қорытындысы – (+15). Бірақ осы есептеуден көрініп тұрғандай, ешбір стратегия тұрақты болып табылмайды және табиғатта бұндай тербелістер байқалмайды. Аралас стратегия сәйкестік 5:7 тең болған кезде теңсіздікке қол жеткізеді. Практикада бұл әрбір индивидуум әрбір сайысқа оған Қаршығаның немесе Көгершінің рөлінде шығу шешімін кездейсоқ алдын-ала қабылдап кіріседі; шешім кездейсоқ қабылданған, бірақ Қаршығаның есебіне 7/12 ықтималдықпен шығады. Шешім қабылдаудың бұл кездейсоқтығы қарсыласқа оппоненттің ниетін біліп қою мүмкіндігін бермейді.

Модельдің күрделену шамасы бойынша олардың реалды әлеммен ұқсастығы өседі. Одан кейінгі Қаршыға және Көгершін моделінің күрделенуі оған тағы да бінеше стратегияларды шығарудан тұрады. Мысалы, Тойтарырыс беруші. Қаршығамен ол өзін Қаршыға ретінде, Көгершінмен Көгершін ретінде, ал Тойтарыс берушімен Көгершін ретінде ұстайды. Оның жүріс-тұрысы қарсыласының жүріс-тұрысына тәуелді болып келеді.

Келесі модель – Бұзақы (Задира), ол біреу қарсылық көрсеткенге дейін Қаршыға рөлінде болады. Сынаушы-тойтарыс беруші тойтарыс берушімен ұқсас болып келеді, бірақ кейде қарсылық көрсетілгенге дейін Қаршыға рөлінде шығады. Егер оған шабуыл жасалса, ол Тойтарыс беруші сияқты әчерленеді.

Компьютерлік модельде Тойтарыс беруші стратегиясы ғана тұрақты болып табылады. «Әлсіреуге дейін соғысу» – бұл басқа конфликтінің моделі. Жеткілікті қауіпсізденген қорғағыштары бар түрлерде байқалады. Барлық конфликтілер шартты демонстрациялар жолымен шешіледі, ол-жануарлар бір-біріне қарама-қарсы қозғалмай тізіліп тұрады және көз алмастан қарсыласының көзіне қарап тұрады, бірінші көзін алғаны жеңіледі. Бұл жерде демонстрация уақытының алдың-ала болжанбайтындық стратегиясы эволюциялық тұрақты болып табылады. Демонстрация уақытының саны қордың бағасын бейнелейді. Өзінің ойынан шығу ниетін қарсыласына еш білдірмеу өте маңызды болатындығы айқын. Бұны көрсеткені пайдасыз жағдайда қалады. Сондықтан эволюция үрдісінде көздің ештемеге қызықпайтын сияқты болып көрінуі қалыптасқан. Бұндай сайысу асимметриялық сайыстарға жатады.

Келесі стратегия «Резидент-басқыншы». Резидент деген бірінші болып нейтралды аймаөөа орналасып алған жануар, ал Басқыншы кейінірек келген және оны тартып алуға тырысатын жануар. Бұнда конфликтіге түсетін жануарлар мынадай келесі ережені сақтайды: егер сен Резидент болсаң-шабуыл жаса, егер Басқыншы болсаң – шегін. Осы ережені сақтамаған особтар жаланады. Бұл стратегия жануарлардың аймақты қорғануында жақсы көрінеді. Нико Тинберген аквариумдағы колюшкалармен жүргізген экспериментінде осыны жақсылап демонстрациялаған болатын. Колюшканың әрбір аталығы аквариумның қарама-қарсы жағында өзіне ұя салып біткенде ол оларды суы бар бір әйнек ыдысқа салды және біресе бір ұяға, біресе екінші ұяға жақындатқан. Өзінің ұясына жақындатқанда олардың әрқайсысы өздерін Резидент ретінде ұстаған, ал бөтен ұяға жақындатқанда Басқыншы ретінде ұстаған.

Жануарлар бұрыңғы өтіп кеткен конфликтілердің нәтижелерін есте қалдырады екен және бұл оларға өз жүріс-тұрыстарын болашақта реттеуге көмектеседі. Мысалы, шырылдауық шегіртке болған жағдайлар туралы жалпы елестерді есте қалдырады (жалпы ес). Көп рет жеңіп шыққан шырылдауық шегіртке Қаршығаның қасиеттеріне ие болады. А.Александердің экспериментінде шырылдауық шегірткелер модельдерінің көмегімен Көгершін жүріс-тұрысы тән бола бастаған кәдімгі шырылдауық шегірткелермен күресте жеңіп шықты. Шырылдауық шегірткелердің тобында иерархиялық құрылым қалыптастырғаннан кейін кәдімгі төбелестердің саны азаяды. Кейбір жануарларда индивидуалды соғыстардың нәтижесін есте сақтап қалуға мүмкіндік беретін арнайы ес болады (тауықтар, маймылдар).

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top