Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Эволюциялық ілім іргесіндегі жануарлар мәселесің зерттеу

1) Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары. 19 ғасырдың басында инстинкт проблемасымен және сонымен байланысты жануарлардың туа біткен және жүре пайда болған әрекеттік өзара қатынастары үлкен қызығушылық тудыра бастады. Бұл сауалдарға қызығушылықтың тууы, алғашқы эволюциялық теориялардың және трансформизм идеяларының пайда болуымен байланысты.Мінез-құлқыда «дайын түрде» тұқым қуалап берілетің не, ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасатың не, жалпылы, түрдік (видовой) болып не жатад, ал эволюция процесінде жеке жүре пайда болған мінез-құлқылардың мағнасы қаншалықты, адам мен жануарлар арасының шегі қай жерде өткізіледі деген мәселелерді анықтау көкейкесті болып келген.

Ғасырлар бойы үстем келген, табиғатқа деген метафизикалық көзқарастарға сай, жануарлардың инстинкті сусымайтың «жаратқаннан» бастап өзгерусіз жағдайда болады деген пікірді қолдаған. Эволюциялық теория қалаушыларына, жануарлардың түрді типтік ағза құрылыстарың көрсеткендей, инстинктін пайда болу тегін нақты үлгілерде өзгермелі екенің көрсету керек болды.

Тірі табиғат эволюциясы туралы алғашқы тұтас ілім 19 ғасырдың басында Жан Батист Ламаркпен түсініктеме берілген. Ламарк өзінің эволюциялық тұжырымдамаларында психикалық фактордың бағыттау әрекеті жайлі негізін қалаған. Оның пікірінше, жануарлардың мінез-құлқың өзгерту жолында, сыртқы орта, жануарлардың организміне жанама әсер етеді деген. Осы жанама ықпалдың салдарынан жаңа қажеттіліктер пайда болады да, ол мүшенің жаттықтырылу жолымен ағза құрылымының өзгерісіне әкеліп соғады, әрине мінез-құлқы арқылы. Қаншалықты бұл тұжырымдамалардың жалпы мәселелерінде қателік болғанмен (психиканың бастапқы ұйымдастыру факторы, организмдердің «жетілуге» ұмтылысы) Ламарктің үлкен үлесі болып эволюция процесінде психикалық қызметтің, мінез-құлқының ролін көрсетуі жатады.

Органикалық (тірі) әлемнің тарихи дамуың табиғи-ғылыми жолмен түсіндіруге ұмтыла отырып, Ламарк, күрделі психикалық қызметтердің түрлері қарапайымнан дамыған, яғни оны салыстырмалы-эволюциялық жоспар түрінде қарастырған дұрыс деп дәлелдеген. Осыған қарамастан, ол табиғи-ғылыми зерттеуге жатпайтын болғандықтан жануарлардың физикалық дене құрылысымен байланыспайтың рухани бастапқының бар екенін мойындамаған. Жалпы табиғи-ғылыми жолмен дүние танылғандықтан, тәжірибелі жолмен танылады деп түгел барлық психикалық құбылыстарды Ламарк материалдық құрылыммен, процеспен тығыз байланыстырған.

Психофизиологиялық параллелизм тұжырымдарына қарама-қайшы, Ламарк психиканың функциональдығың жүйке жүйесімен байланысың, психикалық қызметтің жүйке жүйе қызметіне тәуелдігін, психикалық эволюцияның жүйке жүйесінің эволюциялық дамуына тәуелдігі жайлі пікірді сенімді қолдаған. Әр деңгейдегі филогенездегі жануарлардың психикалық қызмет сипаттамасың жүйке жүйесіиен салыстыра отырып, салыстырмалы психологияның негізің Ламарк қалаған деп толық айталамыз.

Ламарк осы тұрғыдан инстинкт проблемасын қарастырған. «Жануарлардың инстинкті-бұл қажеттілік негізінде еріксіз әрекет жасауға итермелетін түйсіне құштарлық».Және де Ламарк инстинктілі жануарлар мінез-құлқың бастапқысынан өзгеріске ұшырамайтың деп санамаған. Оның пікірінше, инстинкт нақты ортаның агенттерінің организмге ұзақ уақыт ықпал ету нәтижесінде, эволюциялық процесте пайда болған. Бұл бағытталған әрекет бірнеше рет қайталану нәтижесінде бекітліп, бұндай қайталану әрекеттері жүйке жолын қалыптастырады да нерв импульстерінің өтуі женілденеді ( ол «флюид» деп аталады), пайдалы әдет қалыптастырылады, жануарлардың ағзалык ұйымдасуының жетілуіне әкеліп соқты.

2) К.Ф.Рулье 19 ғасырдың ортасында Ресейде Мәскеу университетінің профессоры, өз заманының ғұлама ғалымы К.Ф.Рулье тірі табиғатты тарихи тұрғыдан зерттеу керегін бірізділі жанып қолдаған. Сол жылдары, табиғи ғылымдарда реакциондық теориялар кенінен тарап, жануарлар мінез-құлқы және психика жайлі сауалдар идеалистік және метафизикалық тұрғыдан жариаланған. Жануарлардың психикалық қызметтері бірден мәңгі өзгерусіз болып қарастырылған; олардың құлқылары мен инстинктерінде табиғат пен үйлесімді еткен жаратушының шексіз даналығы болып көрінеді.

Рулье реакциондық жағдайларға қарамастан,инстинкті табиғаттан тыс қарастыруға қарсы тұрған. Ол, инстинкті жануарлардың анатомиясымен, физиологиясымен және экологиясымен қатар зерттеу керек деген.

3) Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі. Чарльз Дарвиннің эволюция ілімінің женісімен табиғи білімдерде тірі табиғаттың бірлік заңдылықтары, органикалық әлемнің үздіксіздігі туралы ой нығайды. Дарвин жануарлардың және адамдардың психикалық қызмет эволюциясы жайлі сауалдарға мол көніл бөлген. Ол өзінің «Выражение эмоций у человека и животных» атты іргелі зоопсихологиялық еңбегің, және де жануарлардың мінез-құлқы жайлі бірқатар арнаулы жұмыстарын жазып шығарған.

Дарвин, инстинктің пайда болу тегін табиғи сұрыпталу әрекетімен түсіндірді.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top