Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Элементерлы сенсорлы психиканың төменгі деңгейі

Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар-қарапайымдылар жатады.Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен,керісінше,бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі клеткалы жануарлардың түрлері де болады.

Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді.Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады.Қарапайымдыларда локомоция кинездер түріде іске асырылады.Кинездердің екі түрі бар:ортокинез-ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез-қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру.Қарапайымдыларда жануарлардың басқа түрлерінде жоқ локомоцияның тәсілдері тән.Оларға «амебалық», «реактивті»қозғалыстар жатады,кейбір түрлер қыл сияқты аяқтардың немесе талшықтардың-плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады.Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан-көпклеткалы жануарлардың бұлшықеттерінің аналогиясы-мионемалар құралатын болып табылады.Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнді факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады.Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді.Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз.Тітіркенгіштіктің бастауы бойынша біршама адекатты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулер қажет етеді.Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады. Ортокинездерде кеңістікте ореинтация жасау компоненті – сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады.Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компаненті-клинотаксистер болп табылады,олар қозғалыстың бағыты өзгергенде,сондай тітіргендіргіштің әсер туінде корінеді.Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз.Мысалы,жағмсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді.Қарапайымдыларда термо-,хемо-,галвано-,фото-, тигмо-, гео-, және басқа да таксистер кездеседі.

Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде танылады: биологиялық «нейтралды» белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіргендіргіштерді іздегннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.

Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады.Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып «қорғаныс жағдаиларн» қабылдайды.

Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі- әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф.Брамштедтің эксперименттерінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстрғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажыт. Әдеттену реакциялар жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н.А.Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар виврацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты. Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталад. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне-биологиялық мәнді және «нейтралды» тітіргендіргіштердің арасындағы уақыттың байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады.140-160 сәйкестіктен кейін инфузорияларда (станторлар мен сувойктар) жарықтың тітіргендіргішке ысқартылған жауап реакцияларын қалып тастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциятивті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.

Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдылардың жүріс-тұрыстары микроәлемнің өзінще ерекше жағдайларында өмір сүруге жнткілікті иілгіш болып келеді .Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омырқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасздардың(ішекқуыстлар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс-тұрстар бақыланады. Осы жерде көрнекі тұрғыда мынадай жалпы заңдылық көрінеді:психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элементтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top