Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Элементерлы сенсорлы психика дамуының жоғарғы деңгейі

  1. Бұл деңгейге төмненгі көпклеткалы омыртқасыздар-тікентерілілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақынанылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш реет әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш реет примитивті нервтік жүйе-жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекеттердінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткал организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық(гидралар) шеңберлік (медузалар), радиальды(теңіз жұлдызшалары), билатеральды (жалиы құртар), және «нервтік баспалдақ» (сақиналы құрттар) түрінде кездеседі. Бұл денгйде сонымен қатар бас және бас ми пайда болады-яғни нертік элементтердің жинақталуы өтеді.

Қозғалыстар.Сақинаы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардң кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көптеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән және олар өздері жасаған, түтікшелерде- өздігінше «үйшіктерде» өмір сүреді, үнемі сол жерден жжем табу үшін «шабуылға» шығады. Құрылыс матириалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.

Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салстырмалы түрде ірі жануарларға шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптің үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтар құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін – сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалысарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш реет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалаушылық мүшелері шығады. Ауыз қуыснда жақтар пайда болады.

  1. Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасздада сезім мүшелері әлі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялық сезімталдықтң және т.б арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эволюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғлардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгйде болады. Сонымен термо-, хемо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.

Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен- біршама аз дифференциацияланған рейепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұл алғашқы поюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эвоюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен- сипап сезу мүшелерінен-«сенсиллдерден» пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман .В.А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыс та жиі орын алады, онда – омыртқасыздардың қандайда бір рецепторлары жоғалып кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадн пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды.Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртурліформаларының мысалына жақсы зеттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады,ол- жылтыр эпителилік ыртыстң астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін терңдікке кетеді. Және жоғары дифференциацияланған көру мүшесі анологы –хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдаудға қабілеттілік жоқ боып табылады.

Сезім мүшелерінің симматриялық орналасуы арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалры бар. Неміс ғалымы А.Кюн мынадаи түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді: 1-тропотаксистер- симетрмялық орналасқан рецепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс: 2- телотакистер- тітіркендіргіштің бір бастауын таңдау және соған қарайғы бағытта қозғалу;3-менотаксистер-симетриялық емес тітіркендіруде симетриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады.4-мнемотаксистер бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.

  1. 3. Жүріс- тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс-тұрыстын, агрессивтіліктің және қарым-қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс-тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.

Тұтасымен алғанда сақиналық құрттардың жүріс-тұрысы элементарлы сенсорлық психика стадиясына сәйкес келеді, себебі ол тек, Леонтьев бойынша, сигналдардың тіршілік етуге өмірлік маңызды негізгі биялогиялық қызметтерінің пайда болғандығы туралы хабарлап отыратын қоршаған ортаның жеке қасиеттеріне ғана бейімделген. Бұл бейімделу тек бір ғана түйсіктердің негізінде іске асады. Заттық қабылдау әлі де бар, бірақ кейбір жерде жүретін ұлуларда (жүзімдік ұлу), сонымен қатар еркін жүзетін жабайы моллюскаларда және полихеттерде осы қабілеттіліктің бастамалары байқалады.

Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс-тұрыста мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бырақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күделі фомаларының бастамалары да кездеседі. Ағаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамассыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top