Connect with us

Бәрі туралы

Биология

Қоғамдық қатынастар мен сөйлеудің пайда болу мәселесі

  1. Еңбек ең басынан бастап-ақ ұжымдық, қоғамдық болды. Жануарлардың күрделі құралдық іс-әрекеттерінің өзіне ешқашанда қоғамдық үрдістің сипаты тән болған емес және ол қауымдастық мүшелерінің арасындағы қатынастарды анықтамайды.

Психикасы дамыған жануарлардың өзінде қауымдастықтың құрылымы ешқашанда құралдық іс-әрекеттің негізінде қалыптаспайды, оған тәуелді болмайды және онымен жанамаланбайды. Адамдардың қоғамдық қатынастары, керісінше, сол заңдылықтарды сындырудың, еңбек іс-әрекетімен туындайтын орталық өмірдің мәнін түбегейлі өзгертудің нәтижесінде пайда болды.

Фабри бойынша, демонстрациялық манипуляция қарым-қатынастың таза адамдық формаларының бастауы болды. Манипуляцияның объектісін «әдейі» көрсету «көрермендер» жағынан ерекше «табыстыратын қозғалыстардың» және өз кезегінде «жақсы көрінудің» белгілерін көрсететін «актердың» агрессивті көрінулерінің позплары жолымен басумен бірге өтеді. Бұндай димонстрациялық манипуляциялау үлкен маймылдарда кездеседі. Манипуляциялау объектісі үнемі «актер» мен «көрерменнің» арасында делдал ретінде болады. Басқалардың әрекеттерін «сырттай қарау» жолымен арақашықтықтан басқалардың тәжірибесін меңгеру өтеді. Демонстрациялық манипуляциялаудың «дәстүрлердің» қалыптасуына қатынасы бар. Демонстрациялық манипуляциялауда белсенділіктің коммуникативті және танымдық аспектілері үйлеседі.

  1. Жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеу. Н.Н.Тих маймылдардың қарым-қатынас құралдарының үлкен мәнділігі мен эмоционалдылығын және олардың адам коммуникациясының эмоционалды құралдарына ұқсастығын айқындайды… Бірақ,Тихтың айтуы бойынша, маймылдардың коммуникативті құралдары (дыбыстар мен дене қозғаласы) семантикалық қызметтер атқармайды және сондықтан олар ойлаудың құралы болып табылмайды.

Американдық ғалым Д.Примак «пластикалық» тілдің көмегімен шимпанзені адам тіліне үйретуге тырысты. Маймылдарда жеке заттар (пластиктер) мен тамақтың арасында ассоциациялар қалыптасты. «артық», «кем», «бірдей» және «әртүрлі», «мә», «алдымен», «одан кейін», «және» деген сияқты жалпыланған көру елестері қалыптасты. Бұл эксперименттер маймылдардың «даму барысындағы оқыту» жағдайларындағы үлкен интеллектуалды қабілеттіліктерін көрсетті (Н.Н.Ладыгина-Котс). Маймылдарда тек адаммен қарым-қатынас жасаудың жүйесі ғана қалыптастырылды, бірақ бұл маймылдардың тілі мен адамның тілін принциптік тұрғыда бірдей деудің дәлелі болып табылмайды. Маймылды буыға бөлінген сөйлеуге үйрету мүмкін емес. Ешбір жануарда түсініктік ойлау жоқ, ортаның заттық бөліктерін, олардың нақты жағдайдан тыс қасиеттерін немесе олардың арасындағы қатынастарды белгілейтін кодтар жоқ. Жануарға қарағанда қарым-қатынас тәсілі тамырында тек дамудың биологиялықтан әлеуметтікжазықтыққа ауысуында пайда бола алады. Қарым-қатынастың әлеуметтік формасына ауысуда алғашқы адамдарда берілетін сигналдардың жалпыланған шарттылығы бірлескен еңбек іс-әрекетінің барысында буынға бөлінген сөйлеудің туындауының биологиялық алғышарты болады.

Алғашқы дыбыстар практикалық іс-әрекетке біріктірілді. Олармен бірге жесттер және айқын интонациялар қатар жүреді. Н.А.Тихтың айтуы бойынша, қолмен жасалған «әрекеттік әңгімелесу» қолдың екі қызметінің арасында шиеленіске алып келеді – заттармен әрекет жасау және олардың белгіленуімен, бұл дауыстық мүшелерге семантикалық қызметтерді беруді алып келеді. «Праслово» қол көрсеткен және қолдың өзін көрсеткен затты және сол затпен жасалған әрекетті белгілей алады. Дауыстар практикалық әрекеттерден бөлінген кезде алғашқы негізгі сөздер пайда болады.

Тіл қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, адам рйлауының құралы ретінде де жиі көрінеді.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top