Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ай мен Күн

Ай мен Күн

Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде  Жер  ана дүниеге  екі  сәби  әкеледі. Екеуі  туылғанда  Жер  ана біреуіне Ай, екіншісіне  Күн  деген  есімдерді  береді.Жер  Күн  мен  Айды  мәпелеп  ,алтын  бесікте  бірдей  тербетіп өсіреді.Осылайша  екі  ару  өсе  береді.Сұлулар  өскен  сайын  бір-біріне  сүйіспеншілік  емес, жек  көрініш  пайда  болады. Күн  де  Ай  да  әркез  айнаға қарап  әдеміліктерін  тамашалаумен  болатын.Ия  дәл  солай,  олардың  жек  көрінішін  пайда  болғызған  міне  осы  сұлулықтарында  еді.Екеуінде де  әрқашан кім  сұлу? — деген  сауал туындайтын. Ай ару Күннің  жарқылын жек  көретін. Онымен  бүкіл әлем  жарқырап, тіпті Ай да  жарқылдайтын. Екеуі тіл табыса  алмайтынын  түсінген Ай анасы Жерге барып:

— Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі  жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін — дегенде  
Жер  ана қатты  ашуланады. Айға рұқсатын  бермейді,сонымен  қатар  екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы  сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді. Ай  Күнге барып:

— Екеуіміз екі  бөлек  жандармыз.Мұны  анамыз Жерге  түсіндіру керек! Екеуіміз ешқашан тіл  табыса алмаймыз-дегенде  Күн  де  қалыспай:

— Демек мен  саған  қарағанда сұлу  екенімді  мойындап ,  менен  бөлініп кетпексің ғой — дейді.

Бойын  ашу  ыза  кернеген Ай Күнге  барып  ерегіседі.Ерегісіп  жатқанда  ашуланған Күн  Айдың  әдемі бетін  тырнап  тастайды. Ай арудың  беті  қатты теңбілденіп  қалады.Оны  көрген Ай  қатты қайғыға  батып, көз  жасы көл  болады.Сұлулығынан  айырылған  Ай  , Жер  ананың  рұқсатынсыз  алысқа кетіп  қалады

Күн Айдан кешірім  сұрау   үшін оны  қанша  іздесе  де   таппайды. Ал Ай  болса  түрінен  ұялып  Күннен  қашып  жүреді.Апалы  сіңлі  қанша  тырысса  да  бірге  бола  алмайды.Енді мүлдем  кеш  еді.Сол  сәттен  бастап  екеуі бір-бірін  ешқашан  көрмепті.Күн  ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай  ұйқыға  кеткенде Күн  шығыпты. Біз де туған  бауырларымызға  қамқор  болмасақ, кейін  арамыз  бөлініп кетуі  мүмкін.

Автор: Гүлсая Каналқұл

Дереккөзі

Tags: Ай мен Күннің қателігіБарлық авторларБарлық нақыл сөздер

Related Posts

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Көрсеқызар

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Ертегілер

Қызыл телпек

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021