Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ақ көгершін

Ақ көгершін

Бұл сонау ерте заманда болған екен. Ол кезде соғыстың не екенін ешкім білмепті. Біреуді-біреу өлтірмейді екен. Кедей де, бай да, сараң да болмапты.

         Күндердің бір күні Жақсылық деген кісінің әйелі ұл тауыпты. Шілдеханаға көп адам жиналыпты. Диуана да келіпті. Диуана сәбидің бетіне қарап:

         — Мына бала түбінде жұртқа пәле болып жүрмесе не қылсын, – депті.

         Жыл артынан жыл өтіпті. Бала өсіп ер жетеді. Өскен сайын сараңдығы да арта береді. Дүниеге қомағайланып, екі көзі қанталап қарайтын болады.

         Пышақ, шот, балта секілді өткір заттарға әуес болып алады. Мұндай заттарын жұрт одан жасыратын әдет тауыпты.

         Күндердің бір күнінде сараң бала өзіне садақ пен жебе жасап алады да қартайған әке-шешесін қуып жібереді. Даладағы аңдар мен құстардың бәрі менікі болса деп армандайды.

         Бір күні ол қырға шығады. Көктем кезі екен. Күн жарқырап, құстар сайрап, жер жүзі құлпырып тұрады. Сараң қараса бағындағы алма ағашында көгершін қонақтап отыр екен. Ол: "Менің алма ағашыма қонақтап отырған көгершін де менікі болу керек" – дейді. Сөйтеді де көгершінді көздеп, садағымен атуға ыңғайланады. Дәл сол кезде кенеттен ақ көгершін ғайып болып кетеді де, оның орнында сақалды өзінің әкесінің отырғанын көреді. Сараңның қолы салқ етіп төмен түсіп кетеді. Міне қызық. Алма ағашында тағы да ақ көгершін отыр. Сараң садағын тағы көтереді де әкесінің ағашта отырғанын тағы көреді. Ыза болған сараң енді ай-жайға қарамайды. Сараңдығы  "Ат, ат" – деп қыстайды да, атып жібереді. Сол кезде алма ағашының түбіне сылқ етіп өзінің әкесі құлап түседі. Ал ақ көгершін шарықтап ұшып кетеді. Біреуді-біреу өлтіретін сұмдық оқиға жер бетінде тұңғыш рет осылай басталған екен дейді.

Қарт әкенің қаны алма ағашының аппақ гүліне шашырайды. Содан бері алма ағашы ақ түспен гүлдемей қызғылттанып гүлдейді екен. Ал ақ көгершін содан бері ешуақытта ағашқа қонақтамайтын болыпты. Көгершін көзінің қызыл болуының себебі де жерге тамған адам қанын көрумен екен дейді.

Дереккөзі

Tags: Ақ көгершінБарлық авторларБарлық нақыл сөздерДиуанаертегіертегілеркөгершінқысқа ертегісараңдық

Related Posts

Ертегілер

Ай мен Күн

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Көрсеқызар

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021