Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Көрсеқызар

Көрсеқызар

Аюхан мен Аюбикенің алты жасар Қорбаңбайы үйге ботадай боздап келеді де, шалқасынан түсіп жер тепкілейді.

— Не болды?

— Кім тиді?

— Көжек! Е-е, Көжек-Көжек…

— Қой, балақай, Көжек саған неге тиісті?!

Аюхан ашулана бастайды:

— Айтпайсың ба жөндеп! Не болды? — Көжек! Шаңғы, шаңғы…

Сөзге Аюбике араласады:

— Қоянбай Көжегіне кеше шаңғы әпердім деп жүрген. Соны көріп қызыққан ғой, бұл.

— Иә, иә… Менде жоқ! — деп, Қорбаңбай бұрынғысынан бетер еңірейді.

Аюхан дүкенге барып, баласына шап-шақ шаңғы әкеп береді. Сары түсті, су жаңа, жылтыраған шаңғы. Қорбаңбай қуанып кетеді. Аулада аяғына байлап алып, есік алдындағы төбеде бір тұрып, бір құлап, кеш бойы сырғанақ тепкенсиді. Терлеп-тепшіп келген бойы Қорбаңбай шаңғысын есік алдына тастай салады. Түнімен қар жауады. Шаңғы қардың астында қалады. Қорбаңбай қайтып шаңғысын есіне бір алмайды. Көктемде қар кеткенде, әбден шәт-шәлекейі шыққан шаңғыны көршілері тауып әкеліп, Аюхан ағаға береді. Жер дегдиді. Жан-жануарлар жылы шуақ күндерде көбіне далада жүреді. Кішкентай Қорбаңбай да асыр салып дуылдатып жүр екен. Бір күні ол тағы қиғылық салады:

— Тиінтайдың велигі бар. Менде жоқ. Дүкенде тұр. Алып бер, апа, әйтпесе балабақшаға бармаймын…

Аюбике амалсыз дүкенге тартады. Велосипед қолына тиген Қорбаңбай жымың-жымың етеді. Екі дөңгелекті велосипед епсіз неменің ырқына көне қоймайды. Қорбаңбай аулада әлденеше құлайды.

— Мені жыға береді. Ақылы жоқ велик… Тебуді кейін үйренемін, — деп, Қорбаңбай велосипедін есік алдына тастай салып, доп тебуге кетеді. Кейін ауладағы Ақтиін, Мияубике, Жолдыаяқтар великті бөлшектеп-бөлшектеп, ойыншық қып ойнап жүріпті.

Мен біздің ауылдағы көршілердің балаларына осы ертегіні айтып бердім. Менің кейбір кішкентай достарым қипақтап, желкелерін қасыды.

Бәсе, олар неге өйтті?..

Дереккөзі

Tags: аюБарлық авторларБарлық нақыл сөздерКөрсеқызарқонжықМұзафар Әлімбаев

Related Posts

Ертегілер

Ай мен Күн

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Ертегілер

Қызыл телпек

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021