Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Маса неге ызыңдайды?

Маса неге ызыңдайды?

Тарихта Нұх пайғамбар дін жолын үгіттеп жүріп жер жүзіне ашуы түсіп топан су қаптатып жіберіпті де, жершарындағы 18 мың ғаламнан орын алып қалыпты.

Осы кезде тышқан кеменің тақтайын тесіп жіберіп, кемені суға толтырыпты. Мұны көрген жылан:

— Мен кемеге кіріп жатқан суды тоқтатсам, талабымды орындайсың ба? — деген екен.

Нұх пайғамбар оның талабын орындауға мақұл болған екен. Жылан тесікке құйрығын тығып, суды тосыпты. Судан аман шыққаннан кейін жылан Нұхқа:

— Мен дүниежүзіндегі өлген өліктердің дәмін татып, қайсысы тәтті

болса, соның қанын азықтансам, — дейді. Мұны біліп келуге Нұх пайғамбар масаны жіберген екен. Маса екі сағатта келуге серт береді. Бірақ маса уағында келмеген соң, масаны іздеп келуге қарлығаш жолға шығады. Алдынан кезіккен маса:

— Көп нәрсенің қанын сорып жүріп, уақытым асып кетіп жай қалдым, — депті. Қарлығаш:

— Ненің қаны тәтті екен? — дегенде маса:

— Адамның қаны тәтті екен, — депті. Қарлығаш:

— Қане, тіліңді ашшы мен көрейін, — дегенде маса:

— «Міне» деп тілін аша бергенде, қарлығаш масаның тілін бірақ жұлып әкетіпті. Сонан қайтып барған маса жыланға ызыңдағаннан басқа ешнәрсе ұқтыра алмапты. Ешнәрсе ұға алмаған жыланға қарлығаш:

— Саған маса, тышқанның қаны тәтті, — деп тұр дегенде, қарлығаштың сөзіне шамданған жылан, қарлығашты бас салып, шақпақшы болып, қарлығаштың құйрығынан тістеп қалғанда, қарлығаш ұша жөнеліпті. Содан қарлығаштың құйрығы аша болып, маса ызыңдайтын болған екен.

Дереккөзі

Tags: Барлық авторларБарлық нақыл сөздермасаэтиологиялық ертегілер

Related Posts

Ертегілер

Ай мен Күн

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Көрсеқызар

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021