Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Шегіртке мен ұлу

Шегіртке мен ұлу

Баяғы заманда бір мақтаншақ шегіртке болыпты. Ол  кішкене кезінен алысқа секіргенді жақсы көреді екен.

Мұғалімі оған: «Сен алысқа қалай жақсы секірсең, жақынға да дәл солай секіре білуің керек», — деп қанша ескертсе де, ол тыңдамапты. «Мен өте маңызды шегірткемін, менің алысса секіруім керек», — деп мақтаныпты.

Күндердің бір күнінде  ол үйіне шай ішуге бармақ болып секіргені сол екен,  үйінен өте алыс жерге барып түседі.

Сол жерден үйіне бармақ болып қайта секіргенде, тағы да алыстап кетеді. Сөйтіп қайта-қайта секіріп, қаншама әрекет жасағанмен, үйіне жете алмай әлек болады. Бірде  үйінің сол жағына, бірде оң жағына, не артына, не  алдына барып түсіп, жете алмайды. Әбден шаршаған шегіртке бір кезде демалуға отыра  кетеді. Сол сәт ол қасында өзінің досы ұлудың тұрғанын  көреді.  Шегірткенің  жағдайын байқаған ұлу оған:

— Біздің де жетістіктеріміздің бар екенін байқап тұрған боларсың.  Біз үйімізге  әрқашанда кешікпей және асықпай жете аламыз. Өйткені үйіміз  қашанда өзімізбен бірге, — дейді  шегіртке досына қарап. — Егер сен менің арқама отырсаң, үйіңе жеткізіп саламын.

Шегіртке ұлудың  арқасына отырып, үйіне жетіп алады.  Досына риза болып, рақметін айтып жатып:

— Иә, достым, алысқа секірумен барлық нәрсе шешілмейді екен, — дейді күрсініп.

— Рас, досым, бұл  — шындық.  Жақынға секірудің  де алысқа секіру сияқты  жақсы жақтары көп, — дейді ұлу.

Ағылшын тілінен аударған Мәриям Назарбаева

Дереккөзі

Tags: әлем халық ертегілеріБарлық авторларБарлық нақыл сөздерұлушегіртке

Related Posts

Ертегілер

Ай мен Күн

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Көрсеқызар

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021