Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қара Қашқынбай

Қара Қашқынбай

Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.

Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі – өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.

Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.

Әлгі бала далада қой бағып жүргенде күн күркіреп, нөсер жауыпты. Қара Қашқынбай қой ішіне кіріп кетеді. Иірілген қойдың ішіне жасырынып жатқанда, бір қой үстіне құмалақтап жібереді. Қашқынбай шошып, айдалаға қарай безе жөнеледі. Дедектеп жүгіріп келе жатса, бір тышқан жолығыпты.

Тышқан:

— О, Қара Қашқынбай, қайдан келесің? – депті.

— Жауырынымнан жаудың оғы тиіп, содан қашып келемін, – дейді Қашқынбай.

— Мен де саған жолдаспын, – деп, оған Тышқан қосылыпты. Олардың алдынан Қоян шығыпты:

— О, Қара Қашқынбай, қайдан келесің?

— Жауырынымнан жаудың оғы тиіп, содан қашып келемін, – дейді.

— Мен де саған жолдаспын, – дейді Қоян.

Үшеуі қосылып жортып келеді. Олардың алдынан қарсақ, түлкі, қасқыр, аю, жолбарыс, арыстан қосылады. Бәрі де Қара Қашқынбайдың тобына ілеседі. Бір кезде бәрі ашығады. Бірін-бірі жеудің қамын ойлайды. Арыстан Қашқынбайға біреуімізді жеуіміз керек деген емеуірін білдіреді.

Қашқынбай жырлай жөнеледі:

 

Арыстан біздің атамыз, атамызға кім тисін?!

Жолбарыс біздің жәкеміз, жәкемізге кім тисін?!

Аю біздің апамыз, апамызға кім тисін?!

Қасқыр біздің қабан би, қабан биге кім тисін?!

Түлкі біздің түмен би, тұмен биге кім тисін?!

Қарсақ біздің қарындас, қарындасқа кім тисін?!

Қоян біздің қойындас, қойындасқа кім тисін?!

Тышқан біздің неміз? ту-талақай қып жеңіз…

 

Бас салып, бәрі тышқанды түтіп жеп алады. Біраздан кейін тағы ашығады.

— Ал, Қара Қашқынбай, жырла, – дейді Арыстан. Қашқынбай жырлай жөнеледі:

 

Арыстан біздің атамыз, атамызға кім тисін?!

Жолбарыс біздің жәкеміз, жәкемізге кім тисін?!

Аю біздің апамыз, апамызға кім тисін?!

Қасқыр біздің қабан би, қабан биге кім тисін?!

Түлкі біздің түмен би, түмен биге кім тисін?!

Қарсақ біздің қарындас, қарындасқа кім тисін?!

Қоян біздің неміз? ту-талақай қып жеңіз …

 

Сөйтіп Қоянды да жеп алады. Сөйтіп кезегімен жей беріп, ең артында Арыстан мен Қара Қашқынбай ғана қалады.

— Ал, Қашқынбай, жырла, – дейді Арыстан. Қашқынбай жырлай жөнеледі:

 

Арыстан біздің атамыз, атамызға кім тисін?!

Қашқынбай біздің неміз? ту-талақай қып жеңіз… – дейді де Қашқынбай:

— Бірақ, арыстан атамыз, менің сізге өтінішім бар!

— Айт, қандай өтініш?

– Мына бір тесік тастың ар жағында атамның сайы бар еді, мені сонда апарып жеңіз, сүйегім сонда қалсын, – деп өтінеді Қашқынбай. Арыстан көнеді. Қара Қашқынбай зып етіп тесік тастың ар жағына өте шығады. Артынан арыстан өтпекші болады. Бірақ тесікке ортан белінен кептеліп, не әрі, не бері шыға алмай қалады. Қашқынбай арыстанның алдын да, артын да таспен бекітіп, тұншықтырып кетеді.

Қара Қашқынбай аң атаулының бәрін айламен жеңіп, елге қайтады.

Мұны халық естиді. «Қара Қашқынбай батыр болып кетіпті», – деген хабар тарайды.

Содан былай қорқақ Қашқынбай батыр Қашқынбай атанып кетіпті.

Дереккөзі

Tags: Барлық авторларБарлық нақыл сөздерертеертегіертедеҚара Қашқынбай

Related Posts

Ертегілер

Ай мен Күн

Ертегілер

Не қылса да көн, күйеуіңдікі жөн

Ертегілер

Ақ тас

Ертегілер

Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен

Ертегілер

Су асты елінің ханзадасы мен ханшайым

Ертегілер

Көрсеқызар

Ертегілер

Өкпешіл көжек

Ертегілер

Көмек

Ертегілер

Қауырсын қалам, ағаш қаламсап және болат қаламұш

Ертегілер

Бауырсақ

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021