Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Байсан…… Бәкір

Байсан…… Бәкір
БАЙСАН – біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
БАЙСАРЫ – бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі – Сарыбай.
БАЙСЕРКЕ – бай + серке, түрі — Серкебай.
БАЙСҰЛТАН – қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.
БАЙТАҚ — ұшы – қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.
БАЙТАС – адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТЕМІР – баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТУ – бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
БАЙТУҒАЙ – бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТҰР – бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық – береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙШЫ – байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.
БАЙЫР – бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.
БАЙЫЗБАЙ – араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.
БАҚАЙ – араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.
БАҚҚОЖА – араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын.
Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.

БАҚИ – араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.
БАҚТАЛАП – араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚТАРАЙ – араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.
БАҚТИЯР – иран тілінен — бақытты, кұтты.
БАҚТЫБАЙ – араб тілінен — бақытқа бай, бақытты.
БАҚЫТЖАН – араб тілінен алынған бәхт + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.
БАҚЫТЖАР – араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚЫТҚАЛЫ – (қараңыз: Оразалы).
БАҚЫТКЕЛДІ – (қараңыз: Оразгелді).
БАҚЫТБЕК – (қараңыз: Оразбек).
БАЛАБАЙ – бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛАҚАЙ – бала сөзінің еркелетіп айту түрі.
БАЛАХМЕТ – араб тілінен алынған бала — жүрек, жан, ес, ой, зейін; қанат, қол + ахмет. Ата – ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.
БАЛҒАБЕК – балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛҒОЖА – араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа – жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.
БАЛҚЫ, — елжіреу, насаттану. Біріккен тұлғалы түрі — Балқыбек.
БАЛМҰҚАН – араб тілінен алынған бал + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.
БАЛТА – бала өткір, қайтпас – қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Балтабек. Еркелете кысқартып айтылған түрі – Балташ.

БАЛУАНҒАЛИ – иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан + араб тілінен алынғанғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.
БАПА – араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық; толықтык; сөзде тұру, уәдені орындау.
БАРАТ – араб тілінен алынған бара – босаған, тыныс алған.
БАРАҚ – араб тілінен алынған бәррақ — баррақ – жарқыраған, құбылған.
БАРЖАҚСЫ – барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
БАРИ – араб тілінен алынған бари – жаратушы.
БАРЛАС – моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.
БАРЛЫБАЙ – қазақтың сөзі бар – үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
БАРЫС – жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
БАСАР – өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.
БАСҚАН – баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.
БАСТАУБАЙ – бастау + бай, бастаудай мөп – мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
БАСЫМ – күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
БАТТАЛ – иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.
БАТТАЛХАН – иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған хан — өткір, өжет, батыл хан.
БАТЫР – қазақ тілінен алынған каһарман – батыл, ер жүрек.
БАТЫРАЛЫ – батыр + араб тілінен алынған алы, ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.
БАТЫРБЕК – батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
БАТЫРҚАН – әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
БАТЫРЛАН – өжеттену, ер жүректене түсу.
БАТЫРША – батыр + ша, шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.
БАУБЕК – өмір – жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
БАУЫРЖАН – ағайынға, туған – туысқа жан – тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЯЗИТ – араб тілінен Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.
БАЯН – араб тілінен — анық, ашық. Алаңсыз, бақытты деген мағынаны білдіреді.
БАЯНДЫ – тұрақты, табанды.
БАЯТ – араб тілінен — хак, ақшыл түсті.
БӘКІР – араб тілінен — зерттеуші.

© Дереккөзі

Tags: есімдер тізімі

Related Posts

Есімдер

Абай……Айнан

Есімдер

Айрат……Ален

Есімдер

Алмабай…… Аян

Есімдер

Әбдуәли…… Әбуғалым

Есімдер

Әбунасыр…… Әшір

Есімдер

Баба…… Байсал

Есімдер

Бәшір……Береке

Есімдер

Берен…… Бірлік

Есімдер

Ғаббас…… Ғұмар, Латиф…… Лұқпан

Есімдер

Мағаз…… Мышырбай

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021