Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Берен…… Бірлік

Берен…… Бірлік
БЕРЕН – асыл құрыш.
БЕРЖАН – бер + жан – жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
БЕРКІН – берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған кейр – жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.
БЕРНАР – бер + нар – күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
БЕРІК – мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
БЕРІКБАЙ – (қараңыз: Мығым)
БЕСБАЙ – балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
БИАХМЕТ – қазақ тілінен алынған би – әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.
БИБАТЫР – қазақ тілінен алынған би + батыр.
БИҒАЛЫМ – қазақ тілінен алынған би – үлкен + араб тілінен алынған ғалым.
БИДАЙБЕК – бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
БИЖАН – билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
БИМАН – би + иран тілінен алынған ман – адам, яғни әкім адам.
БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.
БОДАН – көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.
БОЗАЙ – тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл – сарғылт, ашық – қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.
БОЗДАҚ – жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
БОЛАТ – иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.
БОЛАТБЕК – иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.
БОЛАТЖАН – болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
БОЛАТҚОЖА – мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
БОЛҒАН – кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
БОЛҒАНБАЙ – кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
БОЛСЫНБЕК – құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
БОРАН – бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
БОРАНБАЙ – ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.
БОРАНҒАЗЫ – ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
БОТАБАЙ – бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.
БОШАЙ – көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.
БӨПЕТАЙ – иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.
БӨЖЕЙ – дана, данышпан.
БӨКЕЙ – батыр, ер, палуан сөзінің өзгерген түрі.
БӨЛЕБАЙ – туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
БӨЛТІРІК – бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.
БОРІБАЙ – бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі – Қасқырбай.
БУРА – бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.
БҰҒЫБАЙ – бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЗАУШЫ – (қараңыз: Тана – бай).
БҰҚА – (қараңыз: Танабай).
БҰЛАБАЙ – бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі — Еркебай.
БҰЛАҚБАЙ – бұлаққа балап қойылған есім.
БҰЛАНБАЙ – қазақ тілінен алынған бұлан — бұғы тектес аң.
БҰЛДЫБАЙ – дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЛҚЫШ – есімнің түбірі бұлқы – жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
БҰРХАН – араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.
БҰХАРА – араб тілінен алынған бұқара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.
БҮРКІТ – бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
БІЖІКЕН – көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.
БІЛГІР – көп білетін, білімді, білгіш.
БІЛІМ – оқу, білім.
БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
БІРЛІК – ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.

© Дереккөзі

Tags: балаға ат қою дәстүрі

Related Posts

Есімдер

Абай……Айнан

Есімдер

Айрат……Ален

Есімдер

Алмабай…… Аян

Есімдер

Әбдуәли…… Әбуғалым

Есімдер

Әбунасыр…… Әшір

Есімдер

Баба…… Байсал

Есімдер

Байсан…… Бәкір

Есімдер

Бәшір……Береке

Есімдер

Ғаббас…… Ғұмар, Латиф…… Лұқпан

Есімдер

Мағаз…… Мышырбай

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021