Connect with us

Бәрі туралы

Есімдер

Бәшір……Береке

БӘШІР – араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.
БЕГЕШ – көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.
БЕДЕЛБАЙ – даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
БЕДЕЛБЕК, БЕДЕЛХАН – беделі, абырой – атағы мықты, зор.
БЕКБАУ – (қараңыз: Баубек).
БЕЙБІТ – иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.
БЕЙБІТЖАН – иран тілінен алынған – бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.
БЕЙҚАН – азербайжан, түрік тілдерінен алынған бей + бек сөзінің варианты + қан (хан), демек, есімнің мағынасы — мықты дегенді білдіреді.
БЕЙҚҰТ – иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.
БЕЙСЕНБІ – иран, тәжік тілдерінен алынған — бес + шамбэ — күн, календар бойынша аптаның төртінші күні, сол күні туылған балаға осындай ат беріліп отырған. Күрделі тұлғалы есімдер — Бейсеналы, Бейсенбай, Бейсенбек, Бейсенғали. Еркелете — қысқартылып айтылатын түрі — Бейсен.
БЕЙІМБЕТ – Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.
БЕЙІС – иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы мықты, берік.
БЕГАЙДАР – қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
БЕКБАЙ – мықты, зор, бай.
БЕКБАТЫР – бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.
БЕКБЕРГЕН – бек + берген. Өмір – жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.
БЕКБОЛ – баланың өмір – жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.
БЕККБОЛАТ – бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір – жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
БЕКДАЙЫР – бек + араб тілінен алынған дайр – дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.
БЕКЕЖАН – қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. Адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.
БЕКЕЙ – бекем бол, мықты бол.
БЕКЕМБАЙ – бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.
БЕКЕШ – азербайжан, түрік тілдерінен алынған — Бекеш, Бекіш — хан ұлы. Бұл есім Бекембай, Бекмырза, Бекқали сияқты есімдердің еркелете – қысқартып айтылған түрі.
БЕКЖАН – қазақ тілінен алынған бек + тәжік тілінен алынған жан. Мықты, берік, қайратты адам.
БЕКЖАСАР – бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
БЕКЖІГІТ – мықты, күшті, берік жігіт, азамат.
БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат, зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.
БЕККЕЛДІ – өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
БЕКҚАЛИ – бек + араб тілінен алынған ғали – мықты, күшті.
БЕКЛАН – бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
БЕКМҰХАМБЕТ – бек – күшті + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед. өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.
БЕКМҰРАТ – қазақ тілінен алынған бек + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман – тілегі зор деген мағынада.
БЕКНАЗАР – бек + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.
БЕКНАР – бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
БЕКНИЯЗ – қазақ тілінен алынған бек — күшті, + иран тілінен алынған ниязь — өтініш, тілек; үміт; сый, тарту.
БЕКСЕЙІТ – бек — күшті, мықты + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім; құрметті, қадірлі.
БЕКСҰЛТАН – қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
БЕКТЕМІР – бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БЕКТЕМІС – бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
БЕКТЕН – мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
БЕКТҰР – бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
БЕКТҰРҒАН – бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
БЕКТҰРСЫН – бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
БЕКТІЛЕУ – қазақ тілінен алынған бек – өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
БЕКІН – мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
БЕЛАСАР – тірек, күш.
БЕЛАСЫЛ – ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
БЕЛБЕРДІ – бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
БЕЛГІБАЙ – белгі – көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
БЕЛЕС – асу, шоқы.
БЕРГЕН – ер бала туды деген мағынадағы есім.
БЕРДЕН – бер + қосымша ден.
БЕРДИЯР – қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.
БЕРДІ – сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
БЕРДІМҰРАТ – қазақ тілінен алынған берді + араб тілінен алынған мурад — тілек, мақсат. Мұраты орындалды деген мағыналы есім.
БЕРДІНИЯЗ – қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қысқартып айтылатын түрі — Бернияз.
БЕРЕКЕ – ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top