Connect with us

Бәрі туралы

Есімдер

Ерзада…… Еркежан, Жазира…… Жібек

Ерзада…… Еркежан
ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада – бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.
ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо – сұлу, көркем, әдемі.
ЕРКЕ – айтқанын істететін шолжың, еркін.
ЕРКЕЖАН – ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі – Жанерке.
Жазира…… Жібек
ЖАЗИРА – араб тілінен – ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.
ЖАЙНА – гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
ЖАМАЛ – араб тілінен — сұлулық, көркемділік, сүйкімділік.
ЖАМАЛИ – араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.
ЖАМИҒА – араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.
ЖАНАН – тәжік тілінен алынған джонон — жан аямас дос, жан жолдас.
ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
ЖАНАТ – ең асыл, көркем, керемет, рахат.
ЖАНЕРКЕ – қараңыз: Еркежан.
ЖАНИПА – иран және тәжік тілдерінен алынған жан – джон – яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.
ЖАНИЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.
ЖАННА – көне еврей тілінен келген — кептер, көгершін.
ЖАННАТ – араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
ЖАНСҰЛУ – жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
ЖӘЛИЛА – араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңқты, атақты.
ЖӘМИЛА – араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.
ЖЕҢІСГҮЛ – (қараңыз: Гүлжеңіс).
ЖҰЛДЫЗАЙ – жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
ЖҰМАБИКЕ – араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.
ЖҮПАР – хош иіс.
ЖІБЕК – мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

Қыз есімдерін қарау

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top