Есімдер
Индира…… Ирада, Кабира…… Күнсұлу
Индира…… Ирада
ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.
ИРАДА – араб тілінен алынған — ерік, ықылас.
Кабира…… Күнсұлу
КАБИРА – араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.
КАРИНА – жаңа есім — Карск теңізі атынан қойылған есім.
КӘМАЛИЯ – араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.
КӘРИМА – араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.
КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.
КЕЛБЕТ – көрік, ажар, әр, тұлға.
КЕНЖЕ – ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
КЕҢЕСГҮЛ – жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.
КЕРІМБАЛА – керемет сұлу қыз бала.
КЛАРА – латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.
КҮБАРА – араб тілінен алынған кубра – үлкендер, ұлылар.
КҮЛАЙ – гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.
КҮЛАЙХАН – гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі – Күлән.
КҮЛАЙША – тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.
КҮЛӘНДА – тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.
КҮЛӘСИЯ – иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.
КҮЛБАҒИЛА – иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.
КҮЛБАҒИРА – иран тілінен алынған гул + багира, бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.
КҮЛБАЛА – кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
КҮЛИРА – иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира, ирода — ерік, ықтияр.
КҮМІСАЙ – қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
КҮНАЙ – күн мен айдай болсын деп қойылған есім.
КҮНЖАМАЛ – күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.
КҮНСҰЛУ – күндей сұлу, әдемі.
Қыз есімдерін қарау
© Дереккөзі
