Есімдер
Лазым…… Ләтипа, Мағрипа…… Мүштари
Лазым…… Ләтипа
ЛАЗЫМ – араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көрікті.
ЛАШЫН — алғыр, қыран құс, сұңқар.
ЛӘБИБА – араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.
ЛӘЗЗАТ – араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық, сүйкімділік, жағымды, ұнамды, жаратымды.
ЛӘЗИЗА – араб тілінен алынған лазиз — тәтті, шырынды, дәмді; ең жақсы, өте тамаша.
ЛӘЙЛА – араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.
ЛӘТИПА – араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
Мағрипа…… Мүштари
МАҒРИПА – араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.
МАЙНА – иран тілінен — индия қараторғайы.
МАЙНҰР – май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.
МАЙСА – тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.
МАҚПАЛ – иран тілінен алынған бахмал — барқыт.
МАНАТ – көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.
МАНЗУРА – араб тілінен — бағышталған, арналған.
МАРЖАН — теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар; інжу.
МАРЗИЯ – араб тілінен алынған мәрзия — разы қылушы, яки жағымды, келіскен; көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.
МАРИЯ – көне еврей тілінен келген — өте жақсы, тамаша; биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.
МАРФУҒА – араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.
МАРХАБА – араб тілінен алынған мархабан — хош келдіңіз, қайырымдылық.
МАСТУРА – араб тілінен — жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші; адал, таза, құрметті әйел.
МАТЛУБА – араб тілінен — арманы орындалған.
МАУСЫМЖАН – араб тілінен алынған – маусым – уақыт, шақ, жиын-терін; ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.
МАХБАРА – тәжік тілінен алынған мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.
МАХБҮБІ – тәжік тілінен алынған мах + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.
МАХИНҮР – иран тілінен – айлы, жарық, айға ұксас сұлу.
МӘДИНА – араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.
МӘЛИКЕ – араб тілінен – патша әйел, ханша, ханым; билеуші әйел, патшаның әйелі.
МӘНЗИЛА – араб тілінен – дәреже, атақ; әлеуметтік жай.
МӘНСУРА – араб тілінен алынған мансұр — жеңімпаз, жеңуші.
МӘРМАРА – араб тілінен – асыл ақ тас.
МӘУЕ – араб тілінен – жеміс.
МЕЙРАМГҮЛ – қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.
МЕЙІЗ – иран тілінен – жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.
МЕЙІРЖАН – иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.
МЕРЕКЕ – той, тамаша күні туған балаға берілген есім.
МЕРУЕРТ – иран тілінен – асыл моншақ.
МИРА – жаңа есім – бейбіт, тыныштық өмір.
МҰХТАРИМА – араб тілінен – қадірлі, құрметті, сыйлы.
МҰКАРРАМА – араб тілінен – құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.
МҮЛИПА – араб тілінен — кітап шығарушы ақын.
МҮНИРА – араб тілінен – нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.
МҮШТӘРИ – араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.
Қыз есімдерін қарау
© Дереккөзі
