Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Әбунасыр…… Әшір

Әбунасыр…… Әшір
ӘБУНАСЫР – араб тілінен алынған абу – әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.
ӘБУСАДЫҚ – араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.
ӘБУТӘЛІП – араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент.
ӘБІЛ – арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.
ӘБІЛҒАЗИЗ – араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі.
ӘБІЛҒАЗЫ – араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.
ӘБІЛҚАЙЫМ – араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.
ӘБІЛҚАЙЫР – араб тілінен алынған хаир – мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.
ӘБІЛПЕЙІЗ – араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.
ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді.
ӘДИ – араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.
ӘДІЛ – араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.
ӘБІЛҚАСЫМ – араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.
ӘЖІБАЙ – көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
ӘЗЕЛ – араб тілінен алынған азил — мәңгілік, өмірлік.
ӘЗЕРБАЙ – иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.
ӘЗІЗ – араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.
ӘЗІЛХАН – көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.
ӘЗІМ – араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты; күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.
ӘКПАР – араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметті.
ӘКРАМ – араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.
ӘКІМ – араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.
ӘЛҒАЗЫ – араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.
ӘЛИ – араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.
ӘЛИАЙДАР – араб тілінен алынған ғали, хәйдәр – арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.
ӘЛИАСҚАР – араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.
ӘЛІНҰР – араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.
ӘЛІБИ – араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.
ӘЛІМ – араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана; оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.
ӘЛІШЕР – араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік + шер — арыстан.
ӘМЕТ – араб тілінен алынған — мерзім, шек.
ӘМИН – араб тілінен алынған — адал, сенімді; қауіпсіз, игілікті.
ӘМІР – араб тілінен алынған — әкім, бастық; нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер – Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.
ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас. Біріккен тұлғалы есім — Әміржан.
ӘНЕС – араб тілінен алынған — анис — дос.
ӘНУАР – арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы, жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.
ӘПСАЛАМ – араб тілінен алынған гәфф + салам – қайырлы, бейбітшілік, тыныштық.
ӘПСАМАТ – араб тілінен алынған гәфф + сәмәд – ізгілікті, мәңгілікті.
ӘРІП – араб тілінен алынған әриб – қабілетті, білетін, білгір, түсінетін; дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан.
ӘСЕР – араб тілінен алынған асир – әсер; ықпал; ескерткіш, белгі.
ӘСЕТ – араб тілінен алынған асад – арыстан; жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер.
ӘСКЕР – араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері – Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім – Әскербек.
ӘУЕЗ – араб тілінен алынған ауыз – дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан.
ӘУЕЛ – араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан.
ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою – ернек, нақыс.
ӘШІМ – араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті.
ӘШІМБАЙ – араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӘШІМХАН – араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
ӘШІР – араб тілінен алынған ғашир — оныншы; мукарам айының оныншы күні туылған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.

© Дереккөзі

Tags: Ә әрпінен басталатын есімдер

Related Posts

Есімдер

Абай……Айнан

Есімдер

Айрат……Ален

Есімдер

Алмабай…… Аян

Есімдер

Әбдуәли…… Әбуғалым

Есімдер

Баба…… Байсал

Есімдер

Байсан…… Бәкір

Есімдер

Бәшір……Береке

Есімдер

Берен…… Бірлік

Есімдер

Ғаббас…… Ғұмар, Латиф…… Лұқпан

Есімдер

Мағаз…… Мышырбай

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021