Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жердің ішкі құрылысы. Литосфера

Литосфера

Жердің ішкі құрылысы. Литосфера

1.Мантияның ішінде 100- 250 км тереңдікте құрлықта, 50- 400 км мұхиттар түбінде- ерітіп жіберетін дәрежеге жететіндей температура болған- астеносфера (грек- asthenes- әлсіз қабаты) орналасқан. Осы астеносферадан магма шығады.

Астеносфера мен жер қыртысы қабаттарын- литосфера (грекше- Litos- тас дегенді білдіреді) тау жыныстарымен басқа қабаттардан ерекшеленеді. Литосфераның ірі- ірі блоктарға ажыратылғанын- литосфералық плита деп аталады. Литосфераның плиталар горизонталь бағытта астеносферада қозғалады, егер қозғалса сейсмикалық, пиктаникалық қозғалыстар туындайды.

Жердің қатты қабаты- литосфераны білуіміз үшін- Жердің жасымен Жердің ішкі құрылысын білуіміз қажет. Жердің абсолютті жасы 4,6 млрд жыл.

Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі. Егер Жердің жасы шамамен 5 млрд жылға жуық деп есептелетін болса, жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт 2,5-3,5млрд . жыл шамасында. Оған жер қыртысынан табылған ежелгі геологиялық жыныстардың жасы дәлел болады.

2.Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі. Грек тілінен аударғанда гео- жер, хронология – жыл санау деген мағына береді.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы бес эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына – дәуірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жынстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б. көрсетіледі.

Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте.

Эралар Дәуірлер Қатпарлықтар Тіршіліктің дамуы
Кайнозой Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн. жыл

Неогендік 21 млн. жыл

Палеогендік, 42 млн. жыл

Альпі

қатпарлары

Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі
Мезозой Бор, 75 млн. жыл

Юра, 60 млн. жыл

Триас, 35 млн. жыл

Мезозой қатпарлығы Құстардың пайда болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі
Палеозой Пермь, 55 млн. жыл

Тас көмір, 60 млн. жыл

Девон, 60 млн. жыл

Силур, 25 млн. жыл

Ордовик, 45 млн. жыл

Кембрий, 100 млн. жыл

Герцин қатпарлары

 

Каледон қатпарлары

Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы. Өсімдіктердің құрлыққа шығуы. Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі
Протерозой 2млрд. жыл

 

 

Байқал қатпарлары

 

Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.

Бактериялардың пайда болуы

3.Жер бедерін кейбір түсінікте -рельеф деп атайды.Рельеф дегеніміз- Жер бетінің сыртқы бейнесін айтамыз. Жер бедерінің әр-түрлі болуымен байланысты рельефтің формалары пайда болады.

Рельефтің құрылысы және даму тарихы, қазіргі жер бедеріне сипаттама жасайтын ғылым- геоморфология деп атаймыз.Геоморфология-грекше”gео”-жер; “mоrрhе-” форма деген мағына береді.

Рельеф литосфераның бір-бөлігі болғандықтан, литосферамен тығыз қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ ол географиялық қабықтармен де тығыз байланыста болады. Литосфера (грекше- Litos- тас дегенді білдіреді) тау жыныстарымен басқа қабаттардан ерекшеленеді. Литосфераның ірі- ірі блоктарға ажыратылғанын- литосфералық плита деп аталады. Литосфераның плиталар горизонталь бағытта астеносферада қозғалады, егер қозғалса сейсмикалық, тектоникалық қозғалыстар туындайды.

Жер бедері ішкі және сыртқы процестердің тоғысуы немесе ішкі және сыртқы процестер нәтижесінде туындайды.

© Дереккөзі

Tags: Жердің ішкі құрылысыЛитосфера

Related Posts

Жыныс клеткаларының дамуы
География

Жыныс клеткаларының дамуы

Жердің
География

Жердің планета ретінде жалпы сипаттамасы

план және карта
География

План және карта

Минералдар мен тау жыныстары
География

Минералдар мен тау жыныстары

Гидросфера
География

Гидросфера

Атмосфера және географиялық қабық
География

Атмосфера және географиялық қабық

Адам және табиғат
География

Адам және табиғат

Австралия
География

Австралия туралы реферат

Ақсу – Жабағалы қорығы
География

Ақсу – Жабағалы қорығы

Америка Құрама Штаттары туралы реферат
География

Америка Құрама Штаттары туралы реферат

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021