Connect with us

Бәрі туралы

Курстық жұмыс

Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту

Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту

 Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту


Мазмұны

Кіріспе

I – бөлім
Баланың сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.
1.1. Баланың сөйлеу тілінің дамуы.
1.2. Көмекші мектеп оқушыларының жалпы сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері.

II – бөлім
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері.
2.1. Зерттеу әдістемесі.
2.2. Зерттеу нәтижесі.

III – бөлім
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

I – бөлім
Балаларды сөйлеу тілінің ғылыми теориялық негіздері

1.1. Қалыпты жағдайда дамыған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшелігі

Сөйлеу тілінің дамуы бірізділікпен, жүйелілікпен дамиды. Адам бүкіл өмірін сөйлеу тілін меңгерумен, оны байылумен өткізеді. Алғашқы балалық шақта қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Өз ойын жеткізу мүмкіндігі жас ұлғайған сайын дамып, сөздік қоры молая түседі. Бала даму үстінде күрделі сөз түрлерін пайдалана бастайды, көп түрлі синтаксистік сөздерді құрай бастайды.
Басқа сөзбен айтқанда, бала өз ана тілдік қызмет арқасында меңгере бастайды. Міне, сондықтанда оқушылардың тілін дамытуда күнделікті мақсатты түрде жұмыс жасау қажет.
Жеке адамның сөйлеуі – оның білімі мен мәдениетінің, сауаттылығының, жалпы рухани дірежесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі, адамның сөйлеуінен оның ішкі дүниесі білінеді. Сөйлеу арқылы адам ойын басқаға жеткізеді, ішкі сезімін білдіреді, сол арқылы басқаға әсер етеді. Қазіргі қоғамда адамның белсенді әрекеті оның тілінің даму дәрежесіне де байланысты, ал оқушылардың сөздік қорларының дамуы оның мектептегі үлгеріміне де әсер етеді. Ал баланың сөздік қорының дамуы сөз байлығы, оның дүниетанымына, жаңа ұғымдар мен түсініктер білімінің байып, кеңіп отыруына байланысты. Сонымен бірге тілі жақсы дамыған, тіл байлығы мол оқушының қоғам мен табиғат туралы өте күрделі ұғымдардың байланысын түсінуі, тануы жеңілдейді.
Мектеп оқушыларының сөздік қорларын молайту өте кең тұрғыда және жүйелі жұмыс ретінде жүргізуі қажет.
Мектеп балаға, оқушыға, әдеби тілінің нормасын үйретеді. Мектепте оқушы әдеби тілді, оның әдеби, ғылыми және ауыз екі сөйлеу түрлерін меңгереді. Оны толығырақ айтсақ, оқушының сөздік қоры байиды, мыңдап жаңа сөздер, сөздердің жаңа мағыналарын үйренеді.
Мектеп оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырады, ал оның аумағы өте кең. Оқушының сөздік қорының дамуы жалғыз мектепке ғана байланысты емес деп санауға болмайды. Мектеп бала тілінің даму процесінде негізгі қызметті атқаратыны рас, бірақ ол бірден бір фактор емес.
Адамның жалпы өсіп дамуында, жеке басының қалай қалыптасуында, оның өскен қоғамдық ортасының қызметіне де байланысты.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, оған өскен ортаның әсері болатыны заңды.
Сөздік қордың молаюы оқушының мектептен тыс қоғамдық ортада, әлеуметтік ортада дамиды.
Тіл дамыту яғни, сөздік қорының дамуына қатысты бір мәселе – ой дамыту. Өйткені тіл – ойдың сыртқы көрінісі, сөйлеу арқылы ойды білдіреміз. Ал ойдың сөзге орнауы ойдың нақтылануына, ойдың жүйеленіп, айқындалуына мүмкіндік жасайды.
Бала мектепке келгенде, оның сөйлеу тілі біршама қалыптасып, өзінің интелекті дамуының деңгейіне сәйкес, тілдегі сөзді қолдана алады. Олар қарапайым сұрақтарға жауап беріп, өздері де сондай деңгейдегі сұрақтарды қоя алады. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының әңгімелерін ата – ана, мұғалім әрдайым қопаштап, көтерме сұрақтар қойып, баланың ойын, сөздік қорын ары қарай дами түсуіне ықпал етіп отыру керек. Себебі бастауыш сынып оқушыларының монологтық тілі дами қоймайды.
Баланың алғашқы даму шарты қарым – қатынас қажеттілігінен туындайды. Бірінші шарт, ол жалпы бәріне түсінікті тілде ғана қарым – қатынасқа түсе алады.
Екінші шарт, бұл баланың сөйлеу ортасына байланысты. Балаға әр қашан сөйлеуге жағдай жасап отыру тиіс.
Үшінші шарт, ол баланың қабылдауына, сөйлеу байлығына байланысты.
Тіл тек қана қарым – қатынасқа түсуге көмектеспейді, ол дүниені тануға да көмектеседі.
Басқа сөзбен айтқанда, тілдің дамуы ол тек тілдік қажеттілік емес, сонымен бірге, материалдық қажеттілікке де кіреді.
Бала сөйлеу тілді бір қалыпты, баяу меңгереді. Ол қарым – қатынас үстінде, сөйлеу қызмет процесі кезінде меңгереді. Бірақ бұл балаға жеткілікті емес. Бірқалыпты баяу (стихинно) меңгерген сөйлеу тілі әр қашанда дұрыс деп есептелінбейді.
Негізгі сөйлеу тіл дағдылары бастауыш сыныптарда қаланады. Міне дәл осы кезде балалар алғаш әдеби тілмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезеңде көз алдында тұрған заттардың атын біліп алады. Сонымен қатар заттардың қимылын, жай – күйін, санын, түр – түсін білдіретін сөздермен де танысады.
Жалпы бастауыш сынып оқушыларының 10 мыңдай сөздік қорлары болады. бастауыш сынып оқушылары зат есімдерді, етістіктерді сөздерінде көп, әрі жиі қолданады. Бастауыш сынып оқушылар бағдарламасында 1 – 4 сыныптар бойынша игерілуге, меңгерілуге тиісті сөздер төмендегідей:
1 – сынып – 200 – 250 .
2 – сынып – 250 – 350 .
3 – сынып – 350 – 400 .
4 – сынып – 400 – 500 .
сөздерді меңгереді. Жалпы мектептегі 1 – 4 сынып оқушылары 1000 – 1500-ге дейін сөзді меңгере алады. Өйткені оқушы балабақшаның өзінде-ақ 200 – 250 сөзді білетіні аңғарылды.
1 – сыныпта оқушылардың сөздік қоры аз, әрі жаңа сөздердің мағынасын білмегендіктен, көбінесе суретті сөздікті жиі қолданады.Олар суреттерден зат есімдерді жиі айтады.
Көрнекілікті пайдалану 1 – сыныпта өте пайдалы, 1 – сыныпта оқушы қимылға байланысты сөздерді көбірек естиді, терезені аш, үйге кір, отыр, шық, кітапты әкел, жауап бер, тағы басқа.
Бастауыш сынып оқушылары сан есім, сын есім сөздерін 2 – 4 сыныптарда жиі қолдана бастайды. Ол сабақта және сабақтан тыс кездерде қалыптасып, олардың сөздік қор көлемдерін кеңейте бастайды. Мәселен: сурет, еңбек, дене тәрбиесі, математика, айналамен танысу, тағы басқа сабақтарда жақсы қалыптасады.
Адамның және тұлға ретінде пісіп жетілуіне – тілдің айрықша ролі бар. Тіл арқылы біз қарым – қатынасқа түсіп, өз ойымызды басқаларға жеткізіп, өз пікірлерімізді жеткізе аламыз.
Қазақтың алғашқы ғұлама ұстазы Ы.Алтынсарин қазақ даласында оқулық құрастырған ғалым. Оның қазақ балаларына арналған оқулықтары бар. Мәселен, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат», «Қазақ жеріндегі орыс тілін үйретудің басты құралы» атты оқулықтары бар.
Ы.Алтынсарин тілді оқыту барысында оқушыларға сөз мағыналарын, грамматикалық заңдылықтарды жүйелі үйрету қажеттілігіне баса назар аударған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», – деген. Яғни, тіл тек адам баласына ғана тән қасиет екенін айтып кеткен.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту мәселесі арнайы сөз барысында, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды.
Ә.Садуақасовтың: «Адамды бір – бірімен қоғамдастыратын басты құрал – тіл болып табылады», – деген.
Бастауыш сыныптарда балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері, грамматикалық заңдылықтары үйретіледі. Мұнда мұғалімдердің алдында екі міндет тұрады. Бірі – оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуын үйрету. Екіншісі – сөз қорын молайту, оларды дұрыс қолдану.
Ш.Уақбаев: «Баланың сөздік қоры мектепке келісімен – ақ, бірден дамып, байып кетпейді. Бұл өте күрделі, ұзақ процесс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болса, ойлау қабілеті жақсы жетілсе білімі тереңдеп тез үйренеді», – деген. Ол балалардың сөздік қорының мол болуына байланысты екендігін айтып кеткен.
Ғалымдардың пікірі бойынша мектепке алғаш келген балалардың сөздік қоры 3000 – 700 аралығында. Ал ары қарай дамыту мұғалімнің басты міндеті. Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жөнінде қазақтың бірнеше ғалымдары айтып кеткен. Мәселен: Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ә.Садуақасов, Ғ.Бегалиев, Р.Әміров, тағы басқа өз пікірлерін білдіріп, көптеген қырларын ашып көрсеткен.
Т.Шотонов – қазақ тілін оқытуда өз үлесін қосқан ғалым. Оның «тіл байыту», «Бастуыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» атты еңбектері бар. Ол өз еңбектерінде сөздік қорын дамыту мәселесін қозғаған.
Ә.Садуақасов – бастауыш сынып оқушыларының сөз байлығын молайту мәселесіне қатысты құнды пікірлер айтқан. Ол: «Оқушылардың сөз байлығын молайту жұмысын бөлек, сабақ етіп те, кітап оқу, грамматика, емле және жазу сабағында байланыстырып та жүргізуге болады», – деген.
Р.Әміров 1957 жылы жарық көрген «Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар» атты еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының тіліне 5 – түрлі талап қойған, оның біріншісі – оқушының сөз байлығының мол болуы керек дейді.
Г.Уәйісованың айтуы бойынша «Оқушының сөздік қорынбайыту әр бір сабақ барысында бірте – бірте жүргізілетін күрделі процес. Балалардың сауаттылығын жетілдіру мақсатымен жүргізілетін маңызды іс, тек сөздің толтыру жұмысымен ғана шектеліп қалмау керек. Сабақта түсіндірілген әрбір жаңа сөздің мағынасын анық ұғындыру керек», – деген.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту барысында сөз мағынасын түсіндіруге баса көңіл аудару керек. Себебі, әрбір сөздің мағыналық жағы ұғым ғана емес, балалардың қарым – қатынас қызметінде пайдаланар басты материал. Бала сөз мағынасын қаншалықты дұрыс түсінсе, сөздік қарым – қатынас кезінде ретті қолданып, оның сөздік қорының мол болуына әсер етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуды сөз мағынасын жете түсіндіріп, оны балалар күнделікті өмірде пайдалану үшін жаттығулар жүйесін жасау керек.
Ол үшін бастауыш сынып оқушыларына қандай сөз беру қажет, қанша сөз беру керек, қандай жаттығулар жүйесін орындату қажет. Қандай әдістерді қолдану керек – деген сұрақтарға жауап беру қажет болады. Жалпы айтқанда, бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарын ғылыми негіздерін жасау қажеттігі туды.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесі XIX ғасырдың соңынан бері қарай айтып келе жатыр. Ол жылдары бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесі басқа мәселелер құрамында айтылатын, ол өз алдында жеке мәселе болып қарастырылмаған.
Кейін берте келе ол мәселе жәке мәселе ретінде қарастырыла бастады. Ал 1990 жылы қазақ тілі мектептік тіл дәрежесін алғаннан бастап, қазақ тілі мәселесіне көңіл бөліп, бұл мәселенің зерттелуі, оқулықтар, бағдарлаулар жазу қолға алынды.
Л.С.Выготскийдің, Ж.И.Жинкинаның пікірі бойынша оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқытуда оқушылардың жас ерекшелік ескеруге негізделінеді.
Мектеп жасына дейінгі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі жөніндегі педагог – психолог, әдіскер ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында балалардың сөзді игеру ерекшеліктеріне орасан зор көңіл бөлгенін көруге болады.
Сөйлеу тілінің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнінде Н.К.Твичкин, А.Н.Гвоздев грамматикалық ерекшеліктерінің бала тілінде қалыптасу үрдістері жөнінде Ф. А. Сохин, И. Н. Папова сөздік қорды меңгерудің заңдылықтары туралы Н. А. Рубников, К. М. Чуковский еңбектерінің алатын орындары зор.
Тілді қабылдау мүмкіндігі балада жас кезеңнен бастап қалыптасады. Бұл жөнінде Н.С.Рожденственскийдің «К проблеме речи. Речевая развития молодых школьников» деген еңбегінде: «Тілдік сезім балалардың алғаш жас кезеңінен басталады, ол балабақшаға дейінгі кезеңде, балабақша кезінде сөйлеу тілдері қарқынды дамиды және мектепте жалғасады, әсіресе бастауыш сыныпта», – деп көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының тіл үйрену қабілетімен бірге, оларды тілді үйренуге қызығушылықты күшті екені ғылымда да, тәжірибеде де дәлелденген, танылған нәрсе.
Психологтардың (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Гвоздев, тағы басқа) айтуынша, бала практикалық жолмен сөздік қорды меңгереді. Тілді игеру 2 – мақсатта іске асырылады: бірі – сөз қорының дамуы мен ойлауы, қабілетінің жетілуіне байланыстыболса, екіншісі – интуициялық сезіну мен саналы игеру жалғаса отырып жүргізіледі.
Сонымен бірге, тілден берілетін білім балалардың жалпы дамуын (тілі, ойы, танымы, көзқарасы) байланыстырыла қарастырылады, яғни оқушылардың сөз қорын молайту балаларда сөздік мағыналары бойынша жұмыс істеу арқылы іске асады. Мағыналары бойынша жұмыс істеу арқылы оқушылардың ортаны тануы, артады, ойы дамиды. Оқушылардың ойын дамыту , керісінше, тілді саналы меңгеруде көмектісіді, тілді қарым – қатынас мақсатына орынды қолдана білуге әсер етеді. Бұлардың барлығында балалардың танымдық қабілетін дамыту барысында жүзеге асырылады. И. П. Павловтың айтуынша, бір сөз адамда үш жағдайда кездеседі: көрінетін, естілетін, айтылатын үрдістерінен өтеді. Мағыналары бойынша жұмыс істеу арқылы оқушылардың ортаны тануы артады, ойы дамиды, оқушының ойын дамыту, керісінше, тілді саналы меңгеруде көмектеседі, тілді қарым –қатынас мақсатына орынды қолдана білуге әсер етеді. Бұлардың барлығында балалардың танымдық қабілетін дамыту барысында жүзеге асырылады. И.Г.Павловтың айтуынша, бір сөз адамда үш жағдайда кездеседі: көрінетін, естілетін, айтылатын үрдістерінен өтеді.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық мүмкіндіктерін жан –жақты зерттеуші психологтар В.В.Давилов, Д.Б.Эльконин, тағы басқалар бұл жастағы балаларды абстрактылы ойлауға үйретуге болатынын айтты. Абстракт ойлау да маңызды роль атқаратын ұғым болып саналады. Ұғымда зерттеулер мен …..

© Бұл курстық жұмыстар сіздің жұмысыңызға негіз болады деген үміттеміз.

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top