Connect with us

Бәрі туралы

Курстық жұмыс

Тарих | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым қатынастар

Тарих | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым қатынастар

 Тарих | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым қатынастар


Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3

І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат ресурстары……………………………………………………………5
І.2 Халқы және ұлттық құрамы………………………………………………….7

ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Отын–энергетика, металлургия және машина жасау кешендері…………9
ІІ.2 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі………………………………………………12 ІІ.3 Агроөнеркәсіптік кешені мен шипажайлары……………………………..14
ІІ.4 Көлік жүйесі мен ішкі экономикалық аудандары……………………..17

ІІІ – тарау Сыртқы экономикалық байланыстары
ІІІ.1 Грузияның сыртқы саясаты……………………………………………….24
ІІІ.2 Қазақстан мен Грузияның саяси байланыстары……………………….25
ІІІ.3 Сауда – экономикалық байланыстары………………………………………27

Қорытынды………………………………………………………………………..30 Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат ресурстары
Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай . Тас көмірдің қоры Чагин ( Ткибул – Шаорин )және Кадор (Ткварчель ) жоталарында шоғырланған . Қоры жағынан 400 млн тонна . Ткварчелиде көмірдің үлкен қоры бар . Бұл жерде көмірді шахталық әдіспен алады .Грузияның оңтүстігінде Ахалцих тауының жоталарында қоңыр көмір кездеседі . Бұл жердің көмірі сапасы жағынан өте төмен болып табылады .Калхид жазығының батыс бөлігінде торфтың мол қоры кездеседі . Торф бойынша басты аймақтары Тот , редутлаль , Хоб аймақтары . Негшізінен торфты цитрус және шай плантациялары қолданады . Грузиядағы мұнайдың жалпы қоры жағынан 580 млн . тоннаны құрайды . Оның негізгі қоры оңтүстік шығысында , сонымен қатар Тбилиси аймағында кездеседі . Грузияда мұнайдың 7 % игерілген . Бұл жерде АҚШ тың , Ұлыбританияның , Швейцарияның , Австралияның компаниялары.
Грузияда табиғи газдың қоры бойынша 98 млрд м3 деп есептеледі . Термальды сулар негізінен энергия көзі болып табылады . Грузияда термальды сулардың көлемі 200-250 м 3 Термальды сулардың негізгі бассейндері – Кадори , Кохет , Тбилиси , Алазань бассейндері . Марганец бойынша үш бассейнді айтуға болады .Олар : Чиатур , Чхор –Аджамей, Квирил бассейндері . Марганейтің барлық қоры бойынша 225,5 млн . т . Марганецтің 90% жуығы Чиатур бассейнінде шоғырланған .
Түсті металлургия бойынша мыс ( маднеул , Квайда ) , свинец , цинк полиметалдары ( Дамбуд , Мери , және Оңтүстік Грузияда) өндіріледі . Алтын қазіргі кезде Маднеул аймағында өндірілуде . Сонымен қатар Болнис ауданында , Аджар , Триалет , Сванет аймағында өндіріледі . Мышяк Лухон аймағында өндіріледі . Цемент шикізаты бойынша Грузияда қоры өте жоғары дәрежеде . Су ресурстары бірінші кезекте энергетикалық жағдайларда қолданылады . Гидроэнергетикалық ресурстар бойынша Грузияда бұл 76% батысында (Риони , Ингури , Кадори өзендерінде) өндіріледі . Грузияда рекреациялық ресурстарға бай мемлекет . Бұларға минералды көздер , емдік ыстық сулар – Цхалтубада орналасқан . Гидрокарбонатты – натрий сулары – Баржомиде , Хлорлы натрийлі сулар Тбмлмсиде шошғырланған .

І.2 Халқы және ұлттық құрамы
Халқы 2000 жылғы мәліметтер бойынша Грузияның халқы 5,2 млн адамға жеткен . Халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып келеді . Этникалық топтар – грузиндер 70 % , армяндар 8 , осетиндер 6 ,қалғанын гректер , күрттеғр , абхаздар құрайды . Грузиндер Кавказдың армяндық картвель тобына жатады . Халықтың көбі христиандықты ұстанады .
Халқы 1991 жылы Грузияда туылу азайып , табиғи өсімге кері әсерін тигізді. . Қазіргі кезде Грузия өлімнің көптігі жөнінен Закавказ аймағында 1 орынға ие ( 1991жылы 13,7 % болса , 1994 жылы 17,5% өскен ) Елде халықтың орташа тығыздығы 1 км 2– 77,5 адамнан келеді . Таулы аудандарда 5-15 адамнан келсе , жазықтық аймақтарда 1 км 2– 100 – 150 адамнан келеді . Халықтың 89,1% жазықтық жерлерде шоғырланған . Қала халқының саны 2000 жылғы е сеп бойынша 57,7%құраған.(1992-55,7%) Қазіргі кезде Грузияда 114 қала типті елді мекендер бар . Олардың 62 қалалар тобына жатады . Грузияда қалалардың ішінде маңызды орынды елдің астанасы Тбилиси қаласы алады . Тбилисиде халықтың 14 шоғырланған , яғни 1,3 млн адам . Грузия да халықтың жоғарғы дәрежедегі білімі бойынша , ғылым және техникалық кадрларды дайындауда ерекше көзге түседі .
Елдегі жұмыссыздар бойынша Грузия ТМД бойынша жоғарғы орынды алады . Грузияда елдің 4,7% жұмыссыз . Орташа айлық жалақы 2000 жылы 33,4 $ , зейнетақы 81 $ құраған .
ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Отын–энергетика, металлургия және машина жасау кешендері
Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай келеді . 1960 жылы жергілікті отын елдің 40 % қамтамасыз етті . Электроэнергия бойынша 1960 жылы өндірісінде басты орында . Электроэнергияның ішінде маңызды орынды ГЭС алады . Земо –Авчал ГЭС і маңызды орынды алады . елдегі ең үлкен ГЭС терге Ингур ГЭС –і (қуаттылығы 1,6 млн кВт ) , Варцих ГЭС – і (176 мың кВт ) , гидротехникалық кешен Авагри ауданында орналасқан . Соңғы жылдары Жылу электр станциялары дамуда . Ол жергілікті көмір ; мұнай , газбен жұмыс істейді . Ең үлкен ЖЭС – Тбилиси . Ол 10 энергияблоктан тұрады . Жылына 7 млрд кВт электр өндіреді . Қазіргі кезде Грузияда 8 ЖЭС , 60 ГЭС жұмыс істейді . ЖЭС – 7,5 8 млрд кВт , ГЭС – 8 млрд кВт . Грузия 1991 жылы өнеркәсібі үлкен дағдарысқа ұшырады . Бұған басты себеп : құрал жабдықтардың ескіруі , қайта өңдеу өнеркәсіптерінің болмауы , т. Б. Себептер әсмер етті . Грузияда машина жасаудың негізгі салалары электроэнергия , автомобиль жасау , прибор жасау , станок жасау , т. Б. Салалар құрайды . 1990 жылы өнеркәсіп өндірістері 6 есе , машина жасау 6,2 есе , құрылыс материалдары 20 есе , жеңіл өнеркәсіп 25 есеге дейін қысқарған .
Қара металлургия.Грузияда қара металлургия бойынша екі өндіріс кешенін бөліп көрсетуге болады .
1 Рустав толық циклды комбинаты.
2.Зестафон ферроқорытпа зауыты . Рустав толық циклды металлургия комбинаты 1944 жылы құрылысы басталып , 50 жылдары іске қосылды . Ол шикізат қоры ретінде Азербайжандағы Деникесан аймағының темір рудасы комбинаттың негізгі шикізат көзі болып табылады . Ткварчел және Тсихул көмірі , Чиатурлық марганец рудасын құрайды . Комбинат құрылымы рудасыз шикізат, коксты батарея , агломерациялық фабрикалар , мартен пештері толығып отырады . Зестафон ферроқорытпа зауыты 1933 жылы құрылған . Ол Чиатур аймағының марганецін пайдаланып жұмыс істейді . Чиатур аймағы Зестафон аймағынан 28 км алшақта орналасқан . Зестафон ферроқорытпа зауыты ферромарганец , металдар т .б. Грузияда түсті металлургиядан молибден , вольфрам , мыс , барит – полиметалл рудаларын байыту үшін құрылған . Олардың ең бастылары Маднеул аймағындағы таулы комбинатты жатқызуға болады . Елде мыс , барит . мырыш қоры көптеп кездеседі .
Машина жасау. Грузияда қазіргі кезде бірнеше машина жасау кәсіпорындары жұмыс атқаруда . «Станок жасау » бірлескен кәсіпорыны көпфункциялы станок жасауға маманданған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырауда . Электровоз жасау саласы бойынша магистральды электровоздар шығаруға маманданған . 1990 жылдың басында бұл сала үлкен дағдарысқа ұшырап , 1995-1997 жылдары бірде бір электровоз шықпады Автомобиль жасау бойынша Грузияда Кутай автомобиль зауыты 1915 жылы салынған . Зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын жартылай прицепті машина жасауға маманданған . Қазіргі кезде зауыт жұмыс істеуде . Авиациялық зауыт Тбилисиде орналасқан . Кеме жасау Батуми мен Поти аймағында орналасқан . Химия өнеркәсібі бойынша Грузияда 1970-1980 жылдары құрылған . Химия өнеркәсібінің басты орталығы ретінде Рустав қаласы ерекше көзге түседі . Химия өнеркәсібінің ммаманданған салалары : химиялық валокон өнеркәсібі , лак бояу , тұрмыстық химия , таулы химия салалары
ІІ.2 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі Грузияның басты өнеркәсіп саласы болып табылады . Ел территориясында (30 саласы ) тамақ өнеркәсібінің 30 саласы жұмыс істейді . Басты рөлді шай , вино , консервілер , эфир майы , өсімдік майы тағы да басқа салалар . Оның үлесіне тамақ өнеркәсібінің 23 бөлігі тиеді . Қазіргі кезде бұл сала өте үлкен дағдарысқа ұшыраған . Бұл саланың дағдарысқа ұшырауына жалпы екі себепті айтуға болады . Ең алдымен шикізат құны өзгерген , қазіргі кездегі құрал жабдықтардың ескеруі , ескі техникалар мен технологиялар әсер етуде . Грузия тамақ өнеркәсібінің салаларын қайта қалпына келтіру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде . Инновациялық кәсіпорындар топтарға бөлініп , жаңа бағыттармен жүзеге асыру қолға алынып отыр . көптеген кәсіпорындарда жергілікті кәсіпорындар шет ел партияларымен бірге жұмыс істеуде . Мысалы : Тбилисилік шампан винолары зауытында 90% акцияны АҚШ тың агроөнеркәсібінің үлесіне тиеді . Тбилвино – Голландиялық фирмаға , Казбег – Кастол фирмасы 60 % акциясы Кастел фирмасының үлесіне тиеді . Грузияда вино , шарап өндірісі біртіндеп дағдарыстық жағдайдан шығуда .
Қазіргі кезде Грузия шай өндірісі бойынша қиын жағдайда қалып отыр . Грузия да 112 шай фабрикалары жұмыс істейтін , қазір олардың 25 – і ғана жұмыс істеп тұр . Бұл Грузия шайының жергілікті үнді …..

© Бұл курстық жұмыстар сіздің жұмысыңызға негіз болады деген үміттеміз.

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top