Connect with us

Бәрі туралы

Курстық жұмыс

Экономика | Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі

Экономика | Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі

 Экономика | Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі


Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………….3

І Бөлім. 1.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ………………………………4
1.2. Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары ……………………………………………………………………………………7

ІІ Бөлім. 2.1. Коммерциялық банктің табысы және шығысы ………………………11
2.2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары ………………………………………………………………………………….13
2.3. Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту ……………………………………………………………………………………………20

ІІІ Бөлім. 3.1. Коммерциялық банктердің рентабельділігі.
Шетел тәжірибесі …………………………………………………………………..25

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..28

Глоссарий ………………………………………………………………………………………………..29

Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………………………………30

І Бөлім. 1.1. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР – дағы екінші деңгейлегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
• Мемлекеттік;
• Акционерлік;
• Жеке;
• Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• Аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:
• Халықаралық;
• Мемлекетаралық;
• Ұлттық; аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауыл шаруашылық банктері;
• құрылыс банктері;
• басқа.

5. Филиалдар санына қарай:
• Филиалсыз;
• Көп филиалды.

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% – 10 банк, 50% – аса – 4 банк) құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктр – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз. Оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болы табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктің несиелер есебінен жарғылық капиталды құуға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлік сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы төмендегі кестеде көрсетілген.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
• Банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
• Банктің жарғылық капиталын өзгерту;
• Банктің Кеңесін сайлау;
• Банктің жылдық есебін бекіту;
• Банктің табысын бөлу;
• Банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:
• Нормативтік актілерді бекітеді;
• Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
• Банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
• Банктің саясаттарын жасау;
• Жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
• Комитетерді құру;
• Ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.
Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
• Банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
• Барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
• Банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
• Банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
• Еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалармен келісімдер (контрактілер) жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
• Несие алуға берген клиенттің өтініш және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
• Несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
• Несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
• Несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
• Несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
• Берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
• Банктің несиелік стратегиясн жасайды;
• Несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
• Несиелік комитеттің мәжілісін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабына жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшлік-шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді. Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.
1.2. Коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама және операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептелінеді. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы”, жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционрлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты – пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайдаа табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар , банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктерге, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сытында, өздерінің бөлімшелерін, еншіес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардың негізінде, олардың орындау мақсатында, өзінің құдыретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы” Заңның 3 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төменгі операциялар кіреді:
• Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
• Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
• Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
• Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
• Есептеу операциялары: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
• Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, банктер-корреспонденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;
• Сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
• Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау, төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
• Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын, басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беру;
• Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
• Банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассіге жинау және салып жіберу;
• Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру.

Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің рұқсат қағазы (лицензиясы) негіздемесінде жүргізіледі. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды жүргізе алады:
• Депозиттік сертификаттар шығару;
• Кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орндалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
• Мүліктерді жалдауға беру, бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше сақталады.
• Өзінің меншікті құнды қағазын шығару (акциядан басқа).
• Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан, төленбей қалу қупін қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
• Форфейтингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.

Осы аталған операциялар “Қазақстандағы банктер және қызметтері туралы” заңның 30 бабының редакциясында келтірілген. Мұнда “банкілік операциялар” деген түсінік “банкілік қызметтер” деген ұғыммен араласып кеткен және кейбіреулері “банкілік операциясы” деген дәстүрлі түсінікке сәйкес келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операцияс да жүргізіледі – сатып алушы, несиенің жәрдемімімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкроттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы” Заңның 41-бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:
• Екінші дәрежелі банктерге пруденциалдық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
• Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
• Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;……

© Бұл курстық жұмыстар сіздің жұмысыңызға негіз болады деген үміттеміз.

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top