Connect with us

Бәрі туралы

Курстық жұмыс

Экономика | Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесі

Экономика | Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесі

 Экономика | Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесі


Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мен
мақсаты және міндеттері……………………………………………………………………………
1.2 Қаржылық менеджменттің біліктілік сипаты және оның функциялары
1.3 Қаржылық менеджменттің қызметтері……………………………………………….
2 ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі мен құрылымы ( АҚ «ОТАН» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мысалында)………………………………………………………………………………………………..
2.2 Кәсіпорынның қаржы стратегиясын жоспарлау…………………………………..
2.3 Қаражаттау және несиелеу…………………………………………………………………..
3 ТИІМДІ ҚАРАЖАТ МЕНЕДЖМЕНТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындардағы қаржы менеджменті……………………………………………..
3.2 Қазақстан кәсіпорынының қаржы менеджменті………………………………….

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..
Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………………….
Қосымша …………………………………………………………………………………………………..

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мақсаты және міндеттері. Қаржылық менеджменттің эволюциясы

Бухгалтерлік есепке қарағанда қаржылық менеджмент дербес ғылым ретінде жақында ғана құрылды. Қаржы теориясы бойынша жекелеген жасақтауы екінші бүкіл дүние жүзілік соғысқа дейін жүргізілген: соның ішінде, 1938 жылы Дж. Уильямс ұсынған қаржылық активтің құнын бағалауды белгілі үлгісін атап кеткен жөн.Ол фундаметалды көзқарастың негізі болып табылады Соған қарамастан, бұл процестің негізін қалаған Г. Марковица екендігін санаған жөн. Бұл жұмыстарды қаржылық активтердегі инвеститциялау саласында қабылданған шешімдердің әдістемесі беріліп, сәйкес ғылыми инструментари ұсынған. Ұсынған идеялар математикалық ақпарат секілді елеулі дәрежеде теориялық сипатқа ие болады, ол олардың тәжірибедегі қолданысына қиындатты. Кейіннен Марковицаның шәкірті Ульям Шарп математикалық ақпаратты « анағұрлым тиімді және жеңілдетілген вариантын ұсынды».Оған бір факторлы үлгі деген атау берілді.Шартпен берілген техника жүздеген қаржылық активтер кіретін ірі портфельдерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді.
Бұл бөлім өзінің одан ары дамуын бағалы қағаздардың баға қалыптастыруына, капитал рыногының тиімділік концепциясын жасауына тәуекелмен кірістіліктің үлгісін құруға және олардың эмпирикалық бекітілуіне, жаңа қаржылық құралдардың жасалуына арналған зерттеулерді алады.
Соның ішінде 60-жылдарында У. Шарп, Дж. Линтер, Дж. Моссина күшімен портфельдің жүйелі тәуекелділігі мен кірістілігін білдіретін қаржылық активтердің ( Capital Assets Pricing Model, Capm) кірістілігін бағалаудың үлгісі жасалды. Бұл үлгі қаржылар теориясындағы анағұрлым маңызды ғылыми жетістік ретінде қалып отыр. Соған қарамастан, ол белгілі бір сынауға тұрақты ұшырап отырды. Сондықтанда Capm үлгісіне ұқсас бірнеше тәсілдер жасалынды.Соның ішінде бұл арбитражды баға қалыптастырудың теориясы,опционалдық бағасының қалыптасу теориясы және белгісіздік жағдайындағы преференция теориясы.
Анағұрлым танымалдықты арбитражды баға қалыптасу теориясы алды (Arbitrage Pricing Theory, APT). APT концепциясы қаржы саласындағы белгілі маман Стивен Росспен ұсынылды үлгінің негізіне кез келген акцияның фактілігің кірістілігі екі бөліктен тұрады деген пайымдау енгізген: қалыпты немесе күтілетін кірістілік және тәуекелділік немесе белгісіздік кірістілік.Соңғы момент бірнеше экономикалық факторлармен анықталды. Мысалы, елдегі нарықтық жағдаймен, ішкі жиынтық өнімімен бағаланатын әлемдік экономиканың тұрақтылығымен, инфляциямен,пайыздық ставкалардың динамикасымен анықталады.
CAMP басқа екі алтернативті үлгілері – опциондар бағасының қалыптасу теориясы (Option Pricing Theory OPT) және белгісіздік жағдайындағы преференция теориясы ( State Preferens Theory SPT) белгілі бір себеп бойынша жеткілікті дәрежеде дамыған жоқ және қалыптасу сатысында тұр.Соның ішінде SPT теориясына қатысты оның теориялық сипат иеленетіндігі туралы айтып кетуге болады. Мысалы, рыноктың болашақ жағдайын нақты бағалаудың анықтау қажеттілігін көздейді OPT теориясының қалыптасуының Ф.Блэк және М. Скоулз аттарымен байланыстырды,ал преференция теориясының Дж. Хиршипр атымен байланыстырды.
Қаржылық активтердің және ақпараттың құнының өзара байланысы 50- жылдардың аяғында зерттелді. Бірақ, ақшалай болып Ю. Фамның мақаласы саналады. Онда капитал рыногының тиімділігінің үш нысанының бөлінуі қарастырылады. Ол күшті, бәсең, әлсіз болып бөлінеді. Бұл саладағы жаңалықтар ұсынылған топтамалардың теориялық аспектілерін қарастырмады, тек оның бекітілуінің эмпирикалық жағын қарастырды.
50- жылдарының екінші жартысында капитал құрылымының теориясымен қаржыландырудың көздерінің бағасы бойынша қарқынды зерттеулер жүргізілді.Бұл зерттеулердің бастамасы 30- шы жылдары Дж. Ульямс жұмысымен, кейінінен 50-жылдары Д. Дюранның жұмысымен басталды. Соған қарамастан бұл бөлім бойынша негізгі үлес Ф. Модильяни және Ф. Миллерге берілгендігі жалпыға белгілі болып табылады. Олардың теориясы шектеуші сипатқа ие болатын бір қатар алғы шарттарға негізделген.Осы саладағы одан әрі қарайғы зерттеу осы шектеулердің әлсізденуінің мүмкіндіктерін зерттеуге арналған.Сонымен қатар әр түрлі үлгілерді қолданылу мүмкіндігі, соның ішінде әр түрлі көздердегі капиталдың құнын есептеу үшін CAMP зерттелді.
Барлық аталған жаңалықтардың ішінен екі бағыт – портфель теориясымен капитал құрылымының теориясы ірі компанияның қаржыларының басқаруларының ғылыми мен техникасын негізін білдіреді.Олар екі маңызды мәселелерге жауап беруге мүмкіндік береді: қаржылық ресурстарды қайдан алу керек, және қаржы ресурстарды қайда салу керек? 1958 ж. Модильян мен Миллердің пионерлік жұмысы басылып шыққаннан кейін қаржы теориясы аясында ірі мамандар Т. Е. Коупленд және Дж. Ф. Уенстонмен қазіргі уақытта жаңа қаржы теориясы ретінде танылған, қолданбалы микроэкономикадан жеке бағыт ретінде бөлінген бұл жұмыс қарастырылған [ 1].
Қаржылардың қазіргі таңдағы теориясының шеңберінде қаржылық менеджменттің қолданбалы пәні қалыптасты.Ол ірі компанияның қаржыларын басқарудың техникасымен әдістемесіне арналған ғылымы ретінде қарастырылды. Бұл негізінен қаржылық ресурстардың теориясының базалық бөлімдерін бухгалтерлік есептің (компанияның қаржылық жағдайының анализі, дебиторлық борышты басқару мен анализ) сараптамалық бөлімдерімен табиғи толықтырылу жолымен жүзеге асты.Сондай-ақ басқарудың теориясының бір қатар апараты арқылы жүзеге асады.Осы жаңа пән бойынша алғашқы монографиялары 60 – жылдардың басында ағылшын тілді елдерде қалыптасты.Оны оқу құрал ретінде де қолдануға болады. Қазіргі таңда қаржылық менеджмент туралы дербес ғылыми бағыты ретінде және тәжірибелік қызметі ретінде ғана емес,сондай-ақ оқу пәні ретінде де қалыптасқандығы туралы айтуға болады. Басқару теориясының, қаржы теориясының, бухгалтерлік есептің сараптамалық апаратының дербес бағыттағы – қаржылық менджментке синтезі толық түсінікті бола ғана қоймай, сондай-ақ тиімді болып табылмайды. Басқару аспектілердің күшімен қамтамасыз етілген мұндай метамарфозалар маңызды болып табылады. Анағұрлым көрсеткіш мысалы ретінде бухгалтерлік есептің англо-американдық үлгінің шеңберінде басқару есебінің трансформацияы көрінеді. Мәселелердің сәйкес көлемі шығынның есебі ретінде және басқарма есебі ретінде қамтылады.
Бұл пәннің мазмұнды бөлігі әр түрлі жағдайда анықталуы мүмкін.Соның ішінде тәсілдердің бірінен көрінгендей ол осындай болуы мүмкін.Ірі компанияның қаржыларын басқару оның иелерінің мүдделеріне байланысты жүзеге асырылады.Жоғарыда аталғандай негізгі мақсат айқындалады: оның капитализацияланған құнның өсіру арқылы фирманың құның өсіру арқылы, фирманың құның максимизациялау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін компанияның қаржыларын басқару шегінде шешімдер үш бағытта қабылдануы керек:
1) инвестициялық саясат;
2) қаржы көздерін басқару (яғни құралдарды қайдан алуға болады);
3) дивиденттік саясат.
Революцияға дейінгі Ресейде қаржылық менеджменттің дербес ғылым ретіндегі ұғымы болған емес. Соған қарамастан осы ғылымның базалық құрылымына кіретін екі бағыт қажет. Олар: қаржылық есептесулер мен баланстық тандау. Бұлар сол кездің өзінде де сәтті дамыған.
Қаржылық есептер капитализмнің пайда болуымен қалыптасты, бірақ жеке сала ретінде 19- ғасырда ғана қалыптасты. Сол кезде олар комерциялық есептерге немесе коммерциялық армифметика ретінде белгілі. 19-ғасырда бір қатар елдердің экономикалық өсімін коммерциялық білімнің таралу жүйесін қолдаудың дәрежесімен байланыстырады. Соның ішінде, Германияда сол жылдары осы білімді тарататын 24- жоғары коммерциялық училище өмір сүрді.
Коммерциялық ғылымның негізін қоланылуы әр бір қаржылық операцияны,әр бір сауда актісін әр қашан алып жүру ғана емес, көбінде оны ғылым ретінде коммерциялық арифметика құрады. Қазіргі таңның көзқарасы тарапынан жаңа ғылымның процедуралық жағы қиын емес, ол пайыздық есептеу техникасын, вексельдік есептеу техникасын, вексельдік бағам және операциялар бойынша есептеу техникасын енгізді. Бірақ, коммерциялық арифметиканың мазмұнды жағы қазіргі таңда да өзекті болып отыр.
Экономикасы дамыған елдерде қаржылық анализді капитал рыногындағы анализдің әрекетін аясын шектейтін тәсіл бар. Осы тәсілге сәйкес қаржылық менеджмент- бұл ірі компанияның қаржыларын басқару бойынша маман, қаржылық сарапшы – белгілі бір дәрежеде анағұрлым тар маман .
Сонымен қаржылық менджментке қатысты бұл бағыт әлеуметтік экономикада бір қатар себептерге байланысты қалыптаса алмады. Соның ішінде бағалы рыногының болмауынан және кәсіпорынның қаржылық дербестігінің болмауынан орын алған.
Сондықтанда менеджмент неғұрлым тәуелсіз болса. Ол соғұрлым еркін әрекет етеді.

1.2 Қаржылық менеджменттің біліктілік сипаты және оның функциялары

Қаржылық менджменттің біліктілік сипаты оған оның теориялық дайындығына және жұмысының тәжірибесіне талаптар қояды. Біліктілік сипаты екі бөлімнен тұрады: Білуі қажет және жасай алуы керек.
Кәсіпорынның қаржы менеджменті келесілерді білу қажет:
1) менеджмент теориясын;
2) қаржының, несиенің, ақша айналымының теориясын;
3) қаржылық менеджмент теориясын;
4) бухгалтерлік есепті;
5) экономикалық статистиканы, статистикалық есепті;
6) қаржылық , несиелік, банктік, биржалық қызметінің
саласында ҚР заңнамасын білу;

7) халықаралық есеп және сыртқы экономикалық қызмет бойынша нормативтік заң актілерін;
8) бағалы қағаздардың түрлерін және олардың айналымдарын.
бағалы қағаздардың шетелге айналымын;
9) ҚР ішкі қаржылық рыногындағы операциялардың жүргізілу ережесімен тәртібін;
10) халықаралық қаржы рыногында операцияларды жасаудың ережесімен негіздерін;
11) шаруашылық субъектісінің экономикасының негіздерін;
12) экономикалық анализдің әдістемесін мен әдісін;
13) іс жүргізуді және корреспонденцияны.
Келесілерді жасай білу қажет:
1) бухгалтерлік балансты оқу;
2) шаруашылық субъектісінің статистикалық, бухгалтерлік есепті;

3) қаржылық ақпаратты білу;
4) шаруашылық субъектісінің сауда – өндірістік және әсіресе қаржылық қызметінің нәтижелерін анализдеу;
5) капитал салу бойынша шаралардың экономикалық тиімділігін анализдеу мен бағалау;
6) капитал салудың нәтижелерін болжамдау, нақты шешімдерін қабылдау мен бағалау;
7) қаржылық ресурстарды пайдаланудың бағдарламасын жасау;
8) қаржылық ресурстарды пайдалану бойынша және қаржылық жоспарды орындау бойынша есеп жасау;
9) қаржылық жоспарды құру;
10) банктерге, салық қызметіне өзге де басқа да органдарына беру үшін қаржылық мәселелері бойынша құжаттарды дайындау;
11) қаржылық мәселелер бойынша басқару органдарымен және шаруашылық субъектілерімен хат алысуды жүргізу;
12) қаржылық жоспардың, қаржылық бағдарламаның көрсеткіштерінің орындалуына, қаржылық ресурстарды, негізгі қорды, активтерді, айналым қаражатын тиімді пайдалануға, бақылауды жүзеге асыру.

1.3 Қаржылық менеджменттің қызметтері

Қаржылық жоспарлау бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шығындаудың бағыттарын барлық оның кірістерін жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау әр түрлі мазмұндағы және бағыттағы қаржы жоспарлаудың міндеттерін және объектілеріне байланысты жүзеге асырылады.
Осыны басшылыққа ала отырып, қаржылық жоспарларды перспективті жә- не ағымдағы оперативті деп бөлуге болады.
Перспективті және ағымдағы жоспарлаудың мысалы болып бизнес – жоспар табылады. Ол дамыған капиталистік елдерде жаңа кәсіпорын құру кезінде жасалады. Ол үш жылдан бес жылға дейін мерзімде жасалады, өйткені жоспарлар одан көп жылға жарамауы мүмкін. Бизнес-жоспар тек қаржылық жоспар болып табылмайды. Ол нақты инвестордың белгілі бір жағдайда жаңа кәсіпорынды құруға немесе жаңа өндірістік бағдарламаны қаржыландыруға қатысуға тартудың стратегиясын жасау үшін қажет.
Бизнес-жоспарды құру сөзсіз кәсіпорынды ішкі басқаруды қамтамасыз етеді. Өйткені ол мақсаттардың қойылуымен олардың тәжірибе жүзінде іске асырылуы жасалады. Бинес-жоспардың кәсіби құрылымы инвесторлардың қаражаттарын сақтауға және банкроттық ықтималдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның басшылығы барлық уақытта таңдау алдында тұрады. Ол жүзеге асырылуы тиімді бағасының таңдауын жүзеге асырады, несиелік және инвестицилық саясаттың саласындағы шешімдерді қабылдайды.
Кәсіпорының барлық қызметі рентабельді болу, кәсіпорынның жұмысының нәтижелеріне мүдделі тұлғалардың тобын (меншік иелері, кредиторлар т.б) қанағаттандыратын көлеміде ақша қаражатының түсімін қамтамасыз ететін жағдайға жету қажет. Экономикалық қызметтің күтілетін нәтижелерін бейнелеу болашақта кәсіпорынның бюджетін құрған кезде орын алады [ 2 ].
Жалпы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ажыратады. Қабылданатын шешімдердің бір қатарының мәні өте ұзақ мерзімді перспективаларға таралады. Бұл мысалы, негізгі капиталдың элементтерін алу, кадр саясаты шығарылатын өнімнің түрлерін анықтау секілді салалардағы шешімдерге қатысты болады Мұндай шешімдер кәсіпорынның қызметін бірнеше жылға алға анықтайды және ұзақ мерзімді жоспарда көзделу қажет. Ондағы дәйектілік дәрежесі жоғары емес. Ұзақ мерзімді жоспарлар құрамдас элементі қысқа мерзімді жоспарлар болып табылатын шектеулі конструкцияны білдіруі қажет.
Негізінен кәсіпорындарда қысқа мерзімді жоспарлау қолданылады, және бір жылға тең жоспарлы кезеңге қатысты болады. Бұл мұндай аралықта кәсіпорын өміріне қатысты жағдайлар орын алады.Өйткені бұл мерзімде коньюктураның мерзімді қозғалысы теңеседі. Уақыты бойынша жылдық бюджетті айлық немесе кварталдық бюджет деп бөлуге болады.
Бюджеттің дәйектілігінің деңгейін бекітетін жалпы ережелер жасалынады. Бірнеше кезекте құрылған есептердің өнімділігі деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне байланысты.Сонымен қатар,әр бір нақты кәсіпорында жекелеген жоспарланған әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ету үшін бюджеттердің қажетті дәйектілік деңгейін бағалау қажет.
Жоспарлау мақсаты әр түрлі кәсіпорында әртүрлі. Жоспарлаудың функциясына кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әр түрлі мағына беруі мүмкін.Бюджет экономикалық болжау секілді. Кәсіпорынның мүдделі тұлғалар оның жұмысының нәтижелеріне аз талаптар қояды. Сонымен қатар қызметтің бір қатар түрлерін жоспарлаған кеде қойылатын міндеттерді орындау үшін қандай экономикалық ресурстардың талап етілетіндігі туралы білуі қажет. Бұл мысалы, капиталды тартудың аясындағы жоспарлауға (несие алу акционерлік капиталдың ұлғаюы және т.б)және инвестиция көлемін анықтауға қатысты болып табылады.
Бюджет бақылау үшін негіз болып табылады. Бюджеттегі жоспарлаудың жүзеге асырылуы бойынша кәсіпорынның қызметінің фактілік нәтижелерін тіркеу қажет. Жоспарланған фактілік көрсеткіштерінмен салыстыра отырып бюджеттік бақылауды жүзеге асыруы мүмкін.Бұл жағдайда негізгі назар жоспарлаудан алшақтайтын және осы ауытқулардың негізінде анализделетін көрсеткіштерге бөлінеді. Осылайша, кәсіпорынның барлық жағы бойынша ақпарат осылай толықтырылады. Бюджеттік бақылау кәсіпорынның қандай-да бір жоспарланған жоспарларды қанағаттанарлықсыз болуының мән – жайын анықтайды. Бірақ, мұндай жағдай орын алған кезде бюджеттің өзі нақты емес жағдайлардың негізінде құрылуы мүмкін. Екі жағдайда да басшылық осы туралы ақпарат алуға мүдделі болады.
Бюджет үйлестіру құралы ретінде. Бюджет өндіріс, шикізат сатып алуда, өндірілген өнімді жүзеге асырудың саласындағы құндық көрсеткіштерінде көзделген әрекеттердің бағдарламасын білдіреді. Әрекеттердің бағдарламасында жекелеген шаралардың уақытша және функцияналдық үйлесімділік қамтамасыз етілуі қажет. Оның рентабельділігі мысалы, жеткізушінің күтілетін көлемінен, өндіріс жағдайына байланысты. Шығарылатын өнім саны – жүзеге асырудың күтілетін көлеміне байланысты. Шығарылатын баға көлемі өндірістің бағдарламасына талап ететін материалдардың көлеміне байланысты.
Бюджет міндет қою үшін негіз ретінде келесі кезеңге бюджетті жасай отырып, осы кезеңге қызметтің басталуына дейін шешімі қабылдануы керек. Мұндай жағдайда жоспардың жасаушысына баламалы ұсыныстарды таңдауы үшін «уақыттың жеткіліктілігінің» ықтималдылығы жүзеге асады.
Бюджет құзіретті бөлу құралы ретінде. Бюджеттің жоспарының кәсіпорын басшылығымен мақұлдануы одан арғы шешімдердің бөлініс деңгейінде қабылдауының белгісін білдіреді. Әрине егер ол бюджетпен белгіленген шектен шықпаса. Егер де бөлініс деңгейіндегі бюджет жасалмаса, онда кәсіпорынның басшылығы мұндай жағдайда жедел шешімдерді қабылдау процессінің децентрализациялануына жақын болуы екі талай.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты.Өте шағын кәсіпорында басқару функциялардың бөлінісі орын алмайды. Осыған орай басшылар барлық мәселелергі өздері шешуге мүмкіндік алады. Ірі кәсіпорындарда бюджетті ( жоспарды) құру бойынша жұмыстар орталықтан тыс болуы қажет. Бөлініс шенберінде ғана өндіріс саласында тәжірибесі бар кадрлар үйлеседі емес пе. Сондықтанда бөліністерде болашақта қабылдануға тиіс әрекеттерге қатысты ұсыныстар ұсынылады.
Бөлімшелердің бюджеті бір бірінен алшақталмаған, есептеу кезінде мысалы, сатудың жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде өндіріс жағдайын білу қажет. Үйлесімнің жүйесін қамтамасыз ету үшін көптеген кәсіпорындарда бюджетті құру бойыша нұсқаулар жасалады. Онда уақытша жоспар, сондай-ақ бюджеттік көрсеткіштердің есебі кезінде міндеттер мен жауапкершілікті бөлу орын алады.
Кәсіпорындағы жоспарлау туралы әдебиеттерде әдетте бюджетті құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі схемасын ажыратады: Break- Down(жоғарыдан төменге) әдісі бойынша және build-up (төменнен жоғарыға) әдіс бойынша. Brek-down тәсілі бойынша бюджеттік құру жұмысы жоғарыдан басталады. Яғни, кәсіпорын қаржылық менеджменті оның міндеттерімен мақсаттарын анықтайды. Содан кейін бұл көрсеткіштер кәсіпорын құрылымының төмен деңгейіне қарай қозғалысы бойынша, барынша дәйектелген формада бөлімшенің жоспарына енеді. Build-up тәсілі бойынша ……

© Бұл курстық жұмыстар сіздің жұмысыңызға негіз болады деген үміттеміз.

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top