Connect with us

Бәрі туралы

Курстық жұмыс

Экономика | Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру

Экономика | Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру

 Экономика | Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру


Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………3

І Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері

1.1 Еңбеккерлерді құрамы мен еңбек төлемдерінің жүйесі……………….5
1.2 Еңбек ақының түрлері мен нысандары……………………………………….9
1.3 Жалақы және тариф жүйесі………………………………………………………14

ІІ Өнімдер мен еңбек төлемініңесебін ұйымдастыру және
олардың атқаратын қызметтерін талдау

2.1 Өнім өндіру есебенің жүйелері мен еңбек ақы есебі………………….18
2.2 Еңбеккелердің денсаулығына байланысты
еңбек қызметін тексеру…………………………………………………………….21
2.3 Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін
сомалар есебі……………………………………………………………………………23
2.4 Еңбек ақының талдаманың (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі……………………………………………………………….25

Қорытынды……………………………………………………………….28
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………….30

1.1 Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегіқызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі,міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-шартқа «Қазақстан Республикасының еңбек тұралы» заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасуға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
-белгісіз мерзімге;
-белгілі мерзімге;
-белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
-еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минмальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі.
Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күннен бастапкіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етугеқұқылы. Жеке еңбек келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы тұралы тұжырым жасайды: бұрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс жағадйларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер үлгінің сырт жағына соғылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол қойған бұйрық қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі.

Кесте 1 – Уақытты белгілеу

Шартты белгілері Код
әріптік сандық
1 2 3 5
1. Жұмыс сағаттары (күндері) Я 01
2. Түнгі жұмыс сағаттары Н 02
3. Кешкі жұмыс сағаттары ВЧ 03
4. Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары:
-кесімді қызметкер үшін С 05
-мерзімді қызметкр үшін СП 06
5 Кесімді қызметкердің толық сменалық
мерзімді жұмыс Ц
07
6 Қызмет бабындағы іссапарлары К 10
7 Жыл сайынғы демалыстар ОТ 14
8 Жұмысқа уақытша жарамсыздығы Б 17
9 Екіқабат болуға және бала табуға
байланысты берілетін демалыстар Р 18
10 Қызеткердің кінәсінан болған толық
сменалық кідірістер П 20
11
Қызеткердің кінәсінан болған
сменадағы кідірістер В 21

1.2. Еңбек ақының түрлері мен нысандары

Жалақы екі түрге бөлінеді:
– негізгі;
– қосымша.
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына кіретіндер:
а) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
б) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
в) жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет;
г) кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;
д) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
е) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
ж) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
и) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.
Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
а) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;
б) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
в) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
г) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
д) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
е) шыққанда берілетін жәрдемақы;
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлемеуттік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбкке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің екі нысаны бар:
1-нысаны – мерзімдік;
2-нысаны – кесімді.
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;
Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
2. Кесімді бағалауға қажетті шығарылвмың көрсеткіштері толық емес;
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде , яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келуі ;
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін.
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді-сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі әдісі қолданылады:
а) сағаттық;
б) күндік ақы;
в) айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай-ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі.
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскрлерге ғана қолданылады. Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді-сыйақылық жүйе;
3. Ілгерішіл-кесімді жүйе;
4. Жанама-кесімді жүйе;
5. Аккордтық жүйе.
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Ілгерішіл-кесіміді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалаулар бойынша төленеді.
Жанама-кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін
қолданылады.
Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанам-кесімді бағалаулар төленеді.
Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады.
1. Кесімді сондай-ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыру қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынайы үлесін ескере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнінде айталық. Бригадалық табысты бөлу КТУ ескерілген тариф бойынша жалақыға пара-пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы ……

© Бұл курстық жұмыстар сіздің жұмысыңызға негіз болады деген үміттеміз.

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top