Connect with us

Бәрі туралы

Математика

Кері есептер және өзара кері есептер

Кері есептер және өзара кері есептер

Есепті шығаруға үйрету жұмысы да 2-сыныпта заңды жалғасып табуы тиіс. 1- сыныптан келе жатқан бес түрлі: қосындына табуға, Қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілген есепті пысықтай келе, олардың кейбіруіне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты және азайтқыш табумен байланысты есептің жаңа үш түрі енгізіледі. Мәселен «Оқушы 4 төркөз және 6 жолды дәптер сатыпалды.Оқушы барлығы неше дәптер сатып алды? » Бұл – қосындыны табуға берілген есеп. Ал осы есепті түрлендіріп, оған кері мына сияқты есептер құрсақ: «Оқушы бірнеше төркөз дептер және 6 жолды, барлығы 10 дәптер стаып алды. Оқушы неше төркөз дәптер сатып алды?» және «Оқушы 4 төркөз дәптер және бірнеше жолды дәптер сатып алды, барлығы 10 дәптер сатып алды. Оқушы неше жолды дәптер сатып алды. Бұлар –белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер. Осы сияқты. Дастанның 10 дәптері» бар еді. Ол досына 2 дәптерін салады.Дастанда неше дәптер қалды? Есебі бойынша 1-ші сыныптағыдай жұмыс ұйымдастырып, оны алдымен шығаруға болады.Әрі қарай, сол есептің шарты мен сұрағын алмастырып, оларды шығару керек.Демек мұнда белгісізқалдықты, азайғышты, азайтқышты табу керек болатын есептерге сәйкес жұмыс ұйымдастырылады. Есептің жаңа үш түрі енгізілгенмен, олармен орындалатын жұмыс түрлері үйреншікті жұмыстардай және іс-әрекеттер де бұрынғыдай; оларды шығару тәсілдері де- арифметкалық тәсіл болып табылады.


© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top