Connect with us

Бәрі туралы

Математика

Санды өрнек және оның мәні

Санды өрнек және оның мәні

Алгебра элементерінің ішінде қарапайым санды өрнектер және әріпті өрнектер (құру, оқу, мәнәі табу салыстыру.) Санды теңдіктер және теңсіздіктер (құру, оқу, жазу) теңдеулер (құру, оқу, жазу және шешу) құрылымы күрделірек санды өрнектер (құру, оқу жазу мәнін табу) сияқты мәселердің тиянақтала, бекітіле түсетінін атап өткне жөн. Осылармен байланысты оқулықта келтіріліп отырған жаттығулар алдымен алгебралық түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға бағытталады, сонымен бірге олардың қосымша материалы болып отырғандығын да ескеру жөн, атап айтқанда осымен байланысты жаттығуларды, орындау барысында кестелік және ондықтан аттамайтын жағдайларда қосу және азайту амалдарын орындаумен байланысты білік пен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүзеге асырылады.

Өрнектермен жұмысты ұйымдастыруда шешуші маңызға ие болатын мәселе – амалдарды орындаудың рет тәртібін анықтау. Ол жақшаларды енгізумен байланысты, өйткені жақшалардың ішіндегі амал алдымен орындалады. Олай болса, өрнектерді құрғанда алдымен бірінші амалмен байланысты қарапайым өрнек жақшаларға алынып жазылады, содан кейін келесі амалмен байланысты жазу орындалады. Ал жазылған өрнекті оқу, соңғы орындалатын амалға тәуелді, яғни мұнда «амалдары орындаудың рет-тәртібі ережесі» керісінше жұмыс жасайды. Соңғы орындалатын амалдың қосу және азайту болуына байланысты қосынды не айырма түрінде нақты өрнектің аталуы мүмкін.

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top