Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ақша бұлт аспан қаймағы…

Ақша бұлт

Жұмекен Нәжімеденов

Ақша бұлт аспан қаймағы…

Ақша бұлт аспан қаймағы,
Тыныштық балқып тұрды ойда.
Ойларды жиды қайдағы
Көкірек деген бір қойма.

Ақша бұлт аспан тасқыны,
Өтеді ай, күн оны аттап.
Өмірдің мынау жас күні
Көкіректерге қонақтап.

Ақша бұлт аспан түбіті
Ұшады желмен бұрқырап.
Осынау ғасыр жігіті,
Құрығанда, болар бір шырақ.

Ақша бұлт аспан қонағы,
Нөсер боп өлең төгеді.
Осынау жерге қонады
Оның да көлеңкелері.

Ақша бұлт аспан сеңдері,
Көшеді күліп, күркіреп.
Менікі деді… мен деді.
Адамға біткен бір тілек.

Ақша бұлт… атса таң егер
Қып-қызыл болып боялар.
Тағы да қара… және көр,
Көз көрсе – басың ой алар.

Боялса ақ бұл – әдемі,
Үлгерді бар күн сүйіп те.
Қарайды адам әлемі
Біздің де туға – биікке.

Ақша бұлт – аспан қабағы,
(Қабағыңды бер маған).
Бір жадырап қалады
Жақсылық қылса Жерде адам…

Дереккөзі

Tags: ақша бұлт аспан қаймағы...Барлық авторларБарлық нақыл сөздербұлтЖұмекен НәжімеденовЖұмекен Нәжімеденов өлеңдеріТолық

Related Posts

Өлең

Боламын жігіт сұлтаны

Өлең

Қазақстан – байтағым!

Өлең

Шырша тойы

Өлең

Өнер жарысы

Өлең

Түлектер жыры

Өлең

Мен туған жер

Өлең

Көкжиекке сіңген жол

Өлең

Бір өмір…

Өлең

Қараша. Қамығу…

Өлең

Бүгін

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021