Өлең
Бағбан
жарияланды:
Бағбан
Елден алғыс алған мың,
Мен бағбанмын, бағбанмын.
Дәмін көрші жүзімнің,
Дәмін көрші алмамның.
Бақ қызығы керек пе,
Кел, балақай, көмекке?!
Толтыра бер себетке,
Толтыра бер шелекке.
Адамға тән шыдам-күш,
Балаға тән ұнамды іс.
Бағбан бала атансаң,
Айтам саған мың алғыс.
