Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Көкек пен бүркіт

Көкек пен бүркіт

Сен Бұлбұлсың деді Бүркіт Көкекке.
Жаңа атақпен ерекше
Қонды Көкек терекке,
Өз өнерін танытпақ боп ен көпке,
Сайрады әнге салып бір.
Бірақ, құстар қашты одан,
Бірі күліп, бірі айқайға басты оған;
Көкек бұған қамықты,
Бүркітке ол шағым айтты бір күні:
«Қараса гөр, өзің берген жарлықпен
Орманның мен атанып ем Бұлбұлы,
Ұқпайды ешкім ән салсам да шалқып мен».
«Достым, – деді Бүркіт те, – мен патшамын,
Алла емес,
Бұл сорыңнан құтқара алман, білгін тек,
Былайынша айтқаныммен Бұлбұл деп,
Бірақ, сені Бұлбұл ету қолда емес».

Дереккөзі

To Top