Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Көкек

Көкек

Көктем күні болғанда,
Құстар келіп жырлайды
Бұлбұл сайрап орманда,
Бар табиғат тыңдайды.
Көкек сонда «көкектеп»,
Сұңқылдауын қоймайды.
Көктем күнін жетектеп,
Жеткіздім деп ойлайды.
Басқа құстар ұя сап,
Жұмыртқалап жатқанда,
Өз міндетін жия сап,
Басады ол мақтанға.
Талдан-талға секектеп,
Бар дауысын соза тым:
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» –
Шақырады өз атын.
Жұмыртқасын апарып,
Өзге ұяға салады.
Қатыгез құс атанып,
Баспанасыз қалады.

Дереккөзі

To Top