Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Медалист мысықай

Медалист мысықай

Оныншыны шамасы
Бітіреді Мысықай.
Қылығына қарашы,
Мысықтың тым пысығы-ай:
Мектептің бар басшысын
Жаны қалмай шақырып,
Қойып тұщы-ащысын,
Қонақ қылды қатырып.
Содан кейін баласы
Тынысың бір кең алды.
«Бес» боп барлық бағасы,
Алып шықты медальді.
Сол Мысықай, бірақ та,
Экзаменде құлап қап,
Институттан жырақ қап,
Қалдырды үлкен ұятқа.

Дереккөзі

To Top