Connect with us

Бәрі туралы

менікі ғой бұл аспан

Өлең

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан…

Жұмекен Нәжімеденов

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан

Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы – үмітім,
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.

Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,
Дүниеде нелер биік – Ар биік.
Көк жалғызы – ай да менің арманым,
Арманым ғой әлемдегі бар биік.

Арман, арман! Ол да мендік, өзімдік,
Көтерейін, кетерейін төзім ғып.
Күн шыққанда – Күншығыс боп оянып,
Күн батқанда – Күнбатыс боп көз ілдік.

Көк жүзіне адам ізін салды, әне,
Менікі ғой жақсы күндер алдағы.
Жақсылықтың бәрі… бәрі – меншігім,
Менікі емес, менікі емес қалғаны!

Дереккөзі

To Top