Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Мұңымды бұлттарға айттым

Әскерхан Ақтай

Мұңымды бұлттарға айттым

Тілекті тәңірге айттым,
Жалғанда жалқымын деп.
Жаратқан әмірге айттым,
Жаздың да салқыны көп…
Алғысты анама айттым,
Жарыққа әкелдің деп.
Сағынған санама айттым,
Айды да әперді деп.
Мұңымды бұлттарға айттым,
Мен болып егілсін деп.
Уайым жұтқанда айттым,
Көз жасы төгілсін деп.
Сезімді гүлдерге айттым,
Күзде де жайнасын деп.
Түн перде түргенде айттым,
Бұлбұлдар сайрасын деп.
Жырымды желге оқыдым,
Қалқаға айта бар деп.
Көкорай белде оқыдым,
Даусымды қайталар деп.
Күйімді тауға арнадым,
Іңірде күрсінбе деп…
Самалды саумал дәмін
Сағынып жүрсің бе деп.
Ойға нұр түсіретін,
Шынымен сезім ғана.
…Өзімді түсінетін,
Жалғанда Өзім ғана…

Дереккөзі

Tags: Әскерхан АқтайӘскерхан Ақтай өлеңдеріБарлық авторларБарлық нақыл сөздермұңмұңымды бұлттарға айттымТолық

Related Posts

Өлең

Боламын жігіт сұлтаны

Өлең

Қазақстан – байтағым!

Өлең

Шырша тойы

Өлең

Өнер жарысы

Өлең

Түлектер жыры

Өлең

Мен туған жер

Өлең

Көкжиекке сіңген жол

Өлең

Бір өмір…

Өлең

Қараша. Қамығу…

Өлең

Бүгін

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021