Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Сезім пернесі

Әскерхан Ақтай

Сезім пернесі

Түн пердесін бозғылданып таң сөгер.
Қуанамын шолпан жұлдыз жанса егер…
Сенің сұлу мүсініңді сала алмас,
Жиналса да ғаламдағы бар шебер.

Аққу арман ұшар қағып қанатын.
Көл бетіне күміс тамшы таматын.
Сенің сұлу дидарыңды жаза алмас,
Жырласада жаһандағы бар ақын.

Тәуекелддің арты мұнар, алды нұр,
Шақырады сері дәурен, сал ғұмыр.
Тербете алмас сенің нәзік жаныңды,
Жиналып ап сайраса да бар бұлбұл.

Сыр қатпарын ақтарады тінтіп ой.
Өмір базар, бір күн қайғы, бір күн той.
Күллі шайыр айта алмаған теңеуді,
Көлденеңнен біреу айту мүмкін ғой.

Сырғып уақыт, сынығындай шекердің
Өтсін мейлі айлар, жылдар, бекер күн.
Неше шебер сыза алмаған бейнеңді,
Бір бейтаныс салса, қалқам не етермін?.

Түсін мені… жырларыма үңіл де.
Тағдырыңнан еш уақытта түңілме!.
Бұлбұл біткен оятпаған жүректі,
Бірақ…біреу тербетпей ме, түбінде.

Жаңбыр жауса мөлдірейді күлте гүл,
Тамшы тұнған гүл жанарын сүрте жүр…
Сезім қылын шерте алмай алдыңда,
Отыр бәлкім…жүрегі жоқ құлтемір…

Дереккөзі

Tags: Әскерхан АқтайӘскерхан Ақтай өлеңдеріБарлық авторларБарлық нақыл сөздерсезімсезім пернесіТолық

Related Posts

Өлең

Боламын жігіт сұлтаны

Өлең

Қазақстан – байтағым!

Өлең

Шырша тойы

Өлең

Өнер жарысы

Өлең

Түлектер жыры

Өлең

Мен туған жер

Өлең

Көкжиекке сіңген жол

Өлең

Бір өмір…

Өлең

Қараша. Қамығу…

Өлең

Бүгін

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021