Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Сыншы мен сыпырғы

Сыншы мен сыпырғы

Отырып Сыншы моншада
Сыпырғыменен сырласты:
– Өлеңі нашар болса да,
Сынармын қалай құрдасты?
Сыпырғы айтты:
– Әй, аға,
Сынауда менен сабақ ал.
Әкең де болса аяма,
Сықпыртып тұрып сабап ал.
Мәселен,
Мына сені мен
Жосытқан сайын жаныңнан,
Арылып арам теріңнен,
Аласың ләззат молынан..
Болса да жақын жолдасың,
Сыйыңмен ашы қарып ал.
Ширығып ақын сонда шын,
Жырынан нашар арылар.

Дереккөзі

To Top