Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Шоқан

Лұқпан Сисекенұлы

Шоқан

Тамыр тартып тектіліктің тегінен,
Бұлтты жарып жарық құйып көгінен.
Нар халқыңа күн болдың сен қуантып,
Ақыл- ойдың нәрін сыйлап біліммен.
Жеткізсем-деп, бабалардың ерлігін,
Көз ілмеді ізденумен күндіз түн.
Желкен тарттың тарих- ана теңізге,
Маржан іліп таңдандырып жер жүзін!.
Ғылым биік, өмір қысқа болса да,
Жол іздедің асулардан асарға.
Оятып-ап, қалғып кеткен халқыңды,
Қайсарлықпен жасампаздық жасауға.
Ізгілік боп асыл арман мұратың,
Сен шығардың биіктерге ел атын.
Сұлулығын кең әлемге паш етіп,
Ұлы көштің ұлғылаумен қуатын!
Қуат тауып нар халқыңның өзінен,
Алпамысын тыңдай біліп сезіммен.
Ұлы дала құшағында ән салған,
Қыз Жібектің сырласқандай жүзімен
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырларын,
Алып жүрдің тастамастан өзіңмен.
Үйеңкіден үйіріп алған қобызға,
Үн қосардай, өлмес өмір төзіммен!
Даналықпен ұрпағына сыр айтқан,
Ой атасы сарқылмайтын бұлақтан.
Қолыңа алып Қорқыт баба кітабын,
Сен жеткіздің келер күнге шуақ таң.
Сусындаттың шөліркеген халқыңды,
Өткен небір азап толы сынақтан!
Жолын жалғап Асан Қайғы, Қорқыттың,
Ежелгі аңыз баба жырын толқыттың.
Ер Манастың желкен құрып ізіне,
Күмбірлеттің ұлы күйін жорықтың!
Ғасырларға жету үшін ойларың,
Сыйға тартып ізгі ойлардың қайнарын.
Адамзатқа үн қатуға мәңгілік,
Кең ғарыштың жұлдызына айналдың!

Дереккөзі

To Top