Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Шынын айтсам

Шынын айтсам

Сынға болмай төзімді,
Мақтау күткім келмейді,
Ашпай тұрып көзімді,
Ақтауды ұққым келмейді.
(О. АСҚАРОВ. Сәулет. 16-бет)
Итжанды ғой қаламгер,
Сынағанмен өлмейді.
Бірді біреу надан дер,
Бірақ, одан өлмейді.
Айттым десем шындықты,
Маған адам сенбейді.
Ақынмын ғой сұмдық бір,
Неге ұқпайды мендейді?
Төмендемей төбемнен,
Осал өлең жазбаймын.
Сынар болса,
Дегенмен,
Өліп кете жаздаймын.

Дереккөзі

To Top