Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Қонақ қоян

Қонақ қоян

Қоян тым шаршап кірді,
Жатуды аңсап кірді.
Қонақүй әкімшісі
Қасарып Қарсақ тұрды:
– Орын жоқ, өл деймісің?
Айтқанға сенбеймісің?
Жолдамаң есеп емес,
Қаптап жүр сендей мүсін.
Қоянның қиналғанын,
Қайтуға жиналғанын
Қу Түлкі көріп қалып,
Деді оған:
– Иланбағын.
Ойланып көрмеймісің,
Бос сөзбен өнбейді ісің.
Орын шын керек болса,
Бес-он сом бермеймісің.
Қоянға «ақыл» кірді,
Қарсаққа батыл кірді.
Содан соң жақсы орынға
Шірене жатып жүрді.

Дереккөзі

To Top