Аяжан Серікқызы
Өмір жайлы…
Өмір қызық сәттерімен әр күнгі,
Алла берген тағдырымен әркімнің.
Кейбір жандар разы болса өмірге,
Ал біреуі разы емес әліде.
***
Өмір-тағдыр,өмір-күрес бітпеген,
Ешкім жетпес асқарына діттеген.
Әрбір жанның мақсаты мен арманы,
Орындала бермейтіні беймәлім.
***
Біреулерге болса өмір молшылық,
Ал біреуге өмір бойы құлшылық.
Кейбіреуге кезең болса өтпелі,
Ал біреуге көрінеді мәңгілік.
***
Қысқа ғана мынау жалған өмірде,
Өкпелеме,көңілденбе,күрсінбе.
Шүкір етіп әрбір атқан таңдарға,
Разы болшы мынау жаратқан Аллаға.