Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Өмір сені сүйеді екем…

Әділбек Ыбырайымұлы

Өмір сені сүйеді екем…

Ақ қоянның тірлігіндей тірлігім,
Қабағымның кім байқайды кірбіңін?
Жылжып жатыр қызық болып, аңдасам…
Өзгешелеу бір күнімнен бір күнім.
Ызғар өткен шаққа келдім өңменнен,
Аяз қайтсын көңіліңді бөлгенмен.
Таң атады, кеш батады қайтадан,
Ертеңгі күн, мен өзіңе сенгенмен.
Қурай қуып, дәнек тердік күйбеңмен,
Тірлік тұтас тасбауырлау күйге енген.
Байыз таппай жалған шіркін жүргенде,
Аш көз көңіл тоқмейілге үйленген.
Жанарыңа жібердім бе мұң үйіп?
Қарайтындар көп еді ғой қыдиып.
Өмір сені сүйеді екем бәрібір,
Мен аязға назар салдым жымиып.
Шүкір деймін жарық Күнге жайнаған,
Бәрі осылай ілдебайлар айналам.
… Ақ қояндай қарғып шығып қыратқа,
Сіңіп кеттім тірлігіме қайнаған…

Дереккөзі

Tags: Әділбек ЫбырайымұлыӘділбек Ыбырайымұлы өлеңдеріБарлық авторларБарлық нақыл сөздерөмірөмір сені сүйеді екем...Толық

Related Posts

Өлең

Боламын жігіт сұлтаны

Өлең

Қазақстан – байтағым!

Өлең

Шырша тойы

Өлең

Өнер жарысы

Өлең

Түлектер жыры

Өлең

Мен туған жер

Өлең

Көкжиекке сіңген жол

Өлең

Бір өмір…

Өлең

Қараша. Қамығу…

Өлең

Бүгін

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021