Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Өлең

Жалқы ғұмыр диуана едім жаны шық

Жалқы ғұмыр диуана едім жаны шық

Жалқы ғұмыр диуана едім жаны шық,
Жандырдың-ау жапан түзде кез келіп.
Ерніңнен ыстық-ыстық ән ұшып,
Қардың бәрі әппақ отқа өзгеріп.
Арпалысып…
Қиял – аспан, ой – түрме,
Қарлығашым, қайдан жүрсің жолы әппақ?
Құрғыр көңіл көбелектің кейпінде,
Домбыраңның құлағына қонақтап.
Қаңтардағы қайың бүрлеп күлкіңнен,
Ажарыңа айдың өзі мастанып.
Әсем, асқақ дауысыңа түн тілген,
Төрде отырып қайыршыдай жасқанып.
«Ғашығымды» тыңдап алып таңғы сәт,
Жүрегімді тіліп-тіліп сол бір үн.
Қоштасқанмен өртенбеген жан құсап,
Қаламына шынын айтқан сорлымын…

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top