Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Өлең

Жаннан асыл

Жаннан асыл

Жаннан асыл,
Ханнан асқан құрметтім,
Сенсіз, қалқа, қалай ғұмыр сүрмекпін?!
Аспаны бар, ауасы жоқ ғаламдай,
Жарасы бар, дауасы жоқ бұл дерттің.
Кездесіп ек балғын шақта пәк, бұла,
Жауқазыным жамалына жат күнә.
Ашық күнде ғашық гүлден адастым,
Қапияда қарашығым ақты да.
Сандуғашым, тағдырласым әні асқақ,
Ақылы кем алаөкпе едім, адасқақ.
Мен тұманнан, сен күмәннан айығып,
Жарқыным-ау, жараспай ма жарассақ?
Мінсіз мүсін, мінезіңнің көркемі,
Көзе мұңлы өзегімді өртеді.
Екі ғасыр ел айтатын ертегі,
Сендей гүлдің,
Мендей дүрдің ертеңі!…

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top