Connect with us

Бәрі туралы

Өлең

Өлең

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып

Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып,
Гүлін баптап жерден алыс бақшамның.
Әр кеш сайын кірпігімнен тал үзіп,
Тамырына қадап қоям ақшамның.
Сосын сені қиялдаймын, ажарлым,
Күлкісінен естіртетін сәби леп.
Ерніне ынтық болған ажалдың,
Түн жатады құшағымда зар илеп.
Адастырып, армандаған аңқау бақ,
Кетті алысқа шырын үміт құс мініп.
Жатырсың ба ерніңді талқандап?
Сен де сондай бір құшақта қыстығып.
Шын сүюді ұғындырған асылым,
Тағдырға ашық айтпағанмен сен өкпе.
Аяушылық білдіресің жасырын,
Құшағыңда ұйықтап жатқан бөбекке.
Бақыттымын,
Өкінемін несіне?
Жаралғам ғой жалғыз сені жырлауға.
Ең алдымен мен түсермін есіңе,
Ошағыңа от жаққалы тұрғанда.

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top